Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақстан оқушыларының мектеп формалары

Қазақстан оқушыларының мектеп формалары

Қазақстан оқушыларының мектеп формалары

Ашық сабақтың үсті екен

Кәмісия келген шұбырып.

Көк түсті галстук күшті екен,

Шашына ақ бантик байлаған

Оқушы отыр құлпырып...

Иә, сіз тура таптыңыз! Бүгінгі тақырыбымыз мектеп формаларына арналады.  Өткен жолы әлем мектептерінің ең таңдаулы формаларына шолу жасаған болсақ, бүгін сіз болып, біз болып, Қазақстан оқушыларының мектеп формаларының тарихына үңілетін боламыз.

Қазақ жеріндегі ең алғашқы мектептердің оқушыларында мектеп формасы деген ұғым мүлде болмады десек те болады.

Тек қана, Кеңестер Одағында, оның ішінде Ресей мемлекетінде 1918 жылы оқушының оқушы екендігін білдіретін нышан ретінде арнайы мектеп формасы бекітілді.

Тарихтан хабарыңыз болса, нақ осы кезең ел басына күн туған өте ауыр кезең еді. Сондықтан ата-аналар да, мемлекет те барлық оқушыларды бірдей формамен қамтамасыз ете алмады.

Уақыт өте келе, мектеп оқушылары қызыл-қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағынып жүретін болды. Үйлеріңізде әжелеріңіздің ескі суреттері сақталған болса, тағы да бір үңілулеріңізге әбден болады.

Мектеп формаларын кию заңды түрде қатаң бекітілгені соншалықты, 1920 жылдардан бастап, талапты орындамағандарға «халық жауы» деген айып тағылды.

Бір ғасырға жуық уақыт бойы Кеңес Одағы мектеп формасына бірнеше рет өзгерістер енгізді. Нәтижесінде қыз балалар – мереке күндері қызыл-қоңыр түсті көйлектерімен ақ фартук тақса, қарапайым күндері қара фартук киіп, бастарына бантик байлап жүретін болды.

Көйлектердің жеңі мен жағасы қарапайым ғана безендірілген және оны тағып жүру міндетті саналды. Оған қосымша қара және қызыл қоңыр түсті бантиктерді (шеру кездерінде ақ бантик) байлап жүруге талап қойылатын болған. Революцияға дейінгі формадан ерекшелігі: ұл балалардың тоғалы белдіктер мен былғары, күн қағарлы кепештердің қолдануы. Сонымен қатар, пионерлер - қызыл галстук, комсомолдар - кеуделеріне жұлдызша тағынатын болды.

Сталиннің саясаты мектеп өміріне де әсер етпей қалған жоқ. Ол кездегі тәртіп бойынша, тіпті шаш сәнінің өзі бірыңғай болсын деген заң бекітілді. Ал шаш бояу туралы әңгімеге мүлде орын жоқ. Қыздарымызға бұрымдарының болуы және бантиктерін тастамауы міндеттелді.

Жылымық кезеңі

1960 жылдарда бекітілген форма ұл балалар үшін өте тиімді болды. Сұр түсті жүнді шалбарлар мен кеудешелердің орнын жартылай жүнді көк түсті форма алмастырды. Ал жеңдеріне пластик материалға шығып келе жатқан күн мен ашық тұрған оқулықтың суреті салынған танымбелгі тігілді.

Қайта құру кезеңі

1980 жылдардың басында форманы баланың жасына қарай киіп жүру туралы қаулы шықты. Мұндай формаларды кию сегізінші сыныптан басталатын еді. Нәтижесінде қыздарымыздың бұрынғы киетін фартукты формалары тізенің астына түсіп тұруы тиіс болды да, ұл балалардың формаларын шалбарлы костюмдер алмастырды. Түсі және алдыңғы танымбелгілер сол қалпында сақталды.

Тәуелсіздік жылдарында

Кейіннен Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мектеп формасының бірыңғай болуы туралы заң өз күшінде қала алмады. Дегенмен, мектеп оқушылары, оның ішінде қыз балалар ақ көйлек пен қара белдемшелер, ұл балалар ақ көйлек пен қара шалбар киетін болды. Мойындарына көк галстук, көк пилотка киген мыңдаған бөбектер мектеп табалдырығын аттап жатты.

Тек қана 2006 жылдан бастап, бірыңғай мектеп формасына көшу туралы заң қабылданғаннан кейін, мектеп формасы бір жүйеге келтірілді.

Суреттер: blog.wildberries.ru,zhasorken.kz,amu.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

51732 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 29 тамыз 2012, 15:56
Пікірлер
+0
29 тамыз 2012, 18:39

Біздің мектеп форма кимейтін )

+0
30 тамыз 2012, 12:19

Бірінші сурет СЕКСИ екен.

+0
30 тамыз 2012, 16:06

1суреттегi сол жактан санаганда 3 кыздын формасы,бантик такканы-дал бiздiн кездегiдей. Солай киiнсе барi,адееемi болар едi.

+0
30 тамыз 2012, 19:15

ойбай ау тым қысқа ғой :o санын жалтыратқан да әдемі боп па? :?

+0
31 тамыз 2012, 01:51

жокей,ондай кыскасын емеско! :) . Узындау болды.

+0
31 тамыз 2012, 01:53

"дәл" дегесін қайдан білейін :)

+0
31 тамыз 2012, 09:54

Мынадай киінген қыздарға сабақ беру ер мұғалімдерге қиын шығар :lol:

+0
01 қыркүйек 2012, 09:59

Неге Қазақ қыздарының киімдері қысқарып бара жатыр а?

+0
03 тамыз 2016, 16:08

Менің ойымша 11ші сынып оқушыларын мектеп формасынан босатқан жөн!1жылдан кейін қалып кетеді.оның үстіне қосымшасы бар.ЖОО-ға тапсыруға дайындалуы қажет!оның үстіне 13мың ауырлық қылады .Əркімнің жағдайы əр түрлі.Біреулер үшін 13мың ақша емес шығар.Əлдебіреулер үшін ол қомақты қаражат.Оқушы тек форманы алып қана шектелмейді ғой.Сумка,кофта,дəріске қатысуға қажетті заттар, аяқ киім алулары қажет.Кейбіреулерінің ата-анасының жағдайы жетпейді.Ата- анасы мүгедек немесе бір асыраушысынан айырылуы мүмкін.Əрінің басында 2 3 кредиттен бар!көп балалы жəне асыраушысынан айырылған жандар үшін көмек беруін.
Немесе формадан бас тартуға құқық бергенін қалаймын...Бəрінің жағдайы Бір емес..Өкініштісі сол!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...