Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақстандағы ең ерекше ағаштар

Қазақстандағы ең ерекше ағаштар

Қазақстандағы ең ерекше ағаштар

Қазақстанның табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке екендігі шүбәсіз. Халқының көңілі қандай дарқан болса, жері де сондай кең қазақ даласының әрбір тасын, әрбір шөбін, әрбір суын білу, оны қастерлеу баршамыздың парызымыз. Осы орайда Әлемтану айдары еліміздегі ең ерекше деп танылған ағаштар туралы баяндайды.

Ең көне хан-ағаш

Қазақстандағы ең көне хан-ағаш – алып қарағаш. Ол Іле өзенінің «Алтын-Емел» ұлттық табиғи саябақ аумағында, Үлкен Қалқан тауының шығыс жағында өседі. Жасы 700 жылдан асқан. Бұл қарағаш Шыңғысхан шапқыншылығының куәгері деседі. Жергілікті халық ағашты күні бүгінге дейін қасиет тұтады.

Қасиетті қарағаш

Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн 700 жастағы ерекше ағаш Жаркент қаласынан 30 шақырымдағы Әулие-ағаш ауылы маңында өседі. Бұл – кәдімгі қарағаш тұқымы. Мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғана бар. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен. Киелi ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар. Жұрт оларды жетi ағайынды деп атап кеткен. Және «Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да осы киелi ағаштың ұрпағы саналады. «Бозбала мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер сәби сүю бақытына ие болады, ал Әулиеағаштың көз жасындай болып тамшылап тұрған көптеген сулар түрлі ауруларға ем деседі. 

Аталған ағашты тамашалау мақсатымен Америка, Австралия, Германия және басқа да шетелдерден туристер жиi келiп тұрады.

«Жетісулық недзвекция»

Бигнониевтік тұқымдастар тегіне жататын дара өкіл, аса сирек кездесетін ежелгі аласа бұта - «жетісулық недзвекция» өсетін әлемдегі жалғыз мекенШу-Іле шөлді таулары (Айтау). Бұтаның әдемі гүлдері оған әшекейлі түр береді. Бұта ғылымға 1909 жылы белгілі болды және өлкетанушы В.Е.Недзвецкий құрметіне осы атау берілді.

Тянь-шаньдық шырша

Іле Алатауындағы жалғыз қылқан жапырақты ағаш – Тянь-шаньдық шырша. Тянь-шань шыршасының ең үлкенінің жасы – 600 жыл шамасында, ол Түрген өзені бойында (Іле Алатауы) бір ағаштан анықталған.

Тянь-шаньдық шыршаның ең жуаны 1913 жылы Алматы маңындағы Кіші Алматы алқабындағы Горельник шатқалынан табылған. Түбінің диаметрі – 3 м шамасында, шеңберінің ұзындығы – 9,45 м. 

Қылқан жапырақты ағаштардың Қазақстандағы ең көп түрі - Алтайда. Мұнда шырша, май қарағай, қарағай, бал қарағай, сібір самырсыны өседі.

Ең көп таралған ағаш

Қазақстанда түрі ең көп тараған ағаш - сәмбі тал. Республикамызда мұның 22 түрі кездеседі.

Денсаулық ағашы


Қазақстандағы адам денсаулығына ең пайдалы өсімдіктің бірі -  ағаш тектес немесе бұтақ тұрпатты арша. Арша – ағаш-фармацевт. Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам денсаулығына ем болатын таза ауа тудырады. Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, арша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айнала­сы­на 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Арша ор­ма­нының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауа­ны көміртегі газынан тазартып, 50-65 тоннаға де­йін шаң-тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп оты­ратын көрінеді. Қазақ халқы аршаны "денсаулық ағашы" деп атайды.

Аршалар кейде 4 мың жылға дейін өсе береді. Ал, 500-600 жыл арша үшін қарапайым жастың бірі саналады.

Шөл даланың падишасы

Қазақстандағы ең төзімді ағаш – тораңғы. Ол шөлде, құмда, сортабанда өсе береді. Тораңғы жапырағы 50 градус шамасында өміршеңдігін сақтайды. Ел аузында «шөл даланың падишасы» атанған бұл өскiндi бүгiнде қазақ жерiнiң бiраз пұшпағы өзiнiң өрелi саясы санайды. Қазiр тораңғы тұқымдас ағаштың алуан түрi Қазақстанда Арал өңiрi мен Қызылорда облысынан басқа Балқаш пен Алакөл аумақтарында, Бетпақдала атырабында, Зайсан маңайында, Мойынқұм сауырында кездеседi.

Суреттер:kk.wikipedia.org,alashainasy.kz,innature.kz,school79.kz,
priroda.westkaz.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

49967 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 09 тамыз 2012, 14:30
Пікірлер
+0
09 тамыз 2012, 15:21

Қазақстаным ең сұлу өлке ғой шіркііііін!

+0
09 тамыз 2012, 15:29

ерекше екен расымен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...