Каспий теңізінде қолтырауындар мен каймандар пайда болуы мүмкін

Каспий теңізінде қолтырауындар мен каймандар пайда болуы мүмкін
Фото: zoopodolsk.ru

Каспий теңізінің қазақстандық секторында қолтырауындар мен каймандар (Латын Америкасында кездесетін қолтырауын) пайда болуы мүмкін.

Саратов жануарларды қорғау ұйымының төрағасы Людмила Бочкареваның айтуынша, Еділ (Волга) панасыз экзотикалық жануарларға (оның ішінде аллигатор да бар) толы. «Адамдар кішкентай қолтырауынды ұстайды, онымен ойнап болған соң Еділге жібереді, - деген оның сөзін келтіреді «Бизнес-вектор» порталы. - Қазір тіпті Еділге жіберген қолтырауындардың көптігі сонша, оның санынан жаңылуға болады».

Қазақстандық эколог Алексей Гладков  бұл мәселеге  шындап мән беру қажет деп санайды.

«Қолтырауындар Еділ өзенінде бірнеше жылдан бері мекен етеді. Біздің қысқа олардың ешқайсысы төтеп бере алмайды - аллигаторға +20  градустың өзі қауіпті. Алайда ауа райы қолайлы болса, олар қалыпты тіршілік ету ортасын өзгертуге қабілетті.

Каспий бұл өлшемдерге сәйкес келеді, яғни   аллигаторларға тағам мен күннің көзі жеткілікті болатындай шалшықты жерлерге  бай. «Әрине, әзірге қауіптенуге ерте, алайда Жерде климат біршама жылынды. Әрі бұлар ең агрессивті қолтырауынға жатады, олар тұзды су қоймаларында тіршілік етеді және өміршеңдігімен ерекшеленеді, - деді А. Гладков.

Мәлімет көзі: gazeta.kz

@. @assel_assanova