Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Астана - қазақ елінің астанасы

Астана - қазақ елінің астанасы

Астана - қазақ елінің астанасы

1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды.

Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды.

1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық.


Халық саны: 697,3 мың адам (2011)

Халық санының тығыздығы: 958 адам/шаршы шақырым

Аумағы: 72,2 мың гектар: «Алматы» ауданы – 21,4 мың гектар, «Сарыарқа» ауданы - 19,6 мың гектар, «Есіл» ауданы – 31,2 мың гектар.

Телефон коды: Қазақстан бойынша қалааралық код – 7172; халықаралық код – 107 – 7172

Климаты: Континентальды. Қыс мезгілі өте суық, ұзақ, қатты. Жаз мезгілі құрғақ, шілде айының орташа температурасы +20 С.

 

Қызықты мәліметтер

  • 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді.
  • Астана – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала.
  • Астана – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық.
  • Әлемдегі екі астана атауы «Астана» деген мағына береді: Сеул және Астана қалалары
  • Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Астана Есіл өзенінде орналасқан.
  • Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты.

 

Астана қаласының көрікті жерлері

1. «Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі - 97 метр. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шар диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Алып шар «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты шар түсі ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі - Норман Фостер.

2002 жылы ашылған кешен Астана қаласының ғана емес, күллі Қазақстанның нышанына айналды. Мұнара негізгі үш әлемнен құрылған: жер асты, жер және аспан әлемі. Төрт жарым метр тереңдікте орналасқан астыңғы қабатта кафе, аквариум және «Бәйтерек» мини-галереясы орналасқан. 


Алып шарға лифт арқылы көтеріліп, үлкен залға еніп, қаланың толық көрінісін көруге болады. Зал ортасында әлемдік діндердің өкілдері қол қойған 17 жапырақты ағаш глобус және қазақ елінің бейбітшілік нышанына айналған «Аялы алақан» - Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің алақанының таңбасы орналасқан.


 2. «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені. Ашық аспан астындағы «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде қазақ жерінің сұлу табиғаты бейнеленген. Картада 14 облыс және Астана мен Алматы қалалары орналасқан. Қазақ жерінің табиғи-климаттық аймақтары, ландшафт, сәулетті көркем ғимараттары мен көлік жолдарын көруге болады. 

3. «Қазақ елі» мемориалды кешені. Мәрмәр монумент - кең-байтақ Қазақ жері мен оның халқының бірлігін, болашақта көркейіп, дамуының белгісі. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді. Монумент шыңында алып құс Самұрық, төрт жағында «Алғашқы Президент пен Қазақ халқы», «Қаһарман», «Болашақ» және «Жасампаздық» қола барельефтері қашалған.

 

4. «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы. Танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. Қала орталығында бой көтерген бұл орталық салмағы 2300 тонна болатын металл қондырғылардан тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метрге дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас әйнектермен қапталған.


Арнайы қондырғылар ішкі температураны бір қалыпты сақтайды. Алты қабатты орталықта сауда нүктелерімен қатар, ойын-сауық орындары жұмыс істейді.

 

5. Думан ойын-сауық орталығы.  2003 жылы мамыр айында жұмысын бастаған бұл кешенде мұхитаралы, 5D-кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері мен тамақтану орындары бар. Бұл ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен. 


Су қоры 3 миллион литрге жететін мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. Әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағы мен қалыңдығы жеті сантиметрге жететін 70 метрлік дәліз бар.  

 

6. «Отан Ана» кешені. Жоңғар шапқыншылығы мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне салынған. Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал ортасында граниттен тұрғызылған таста алтын шара ұстаған әйел бейнеленген. Қолындағы шара тыныштық пен гүлденудің белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес әскерлері, ал сол жағында жоңғар шапқыншылығында қаһармандық танытқан қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі жақта мәңгілік алау орналасқан.

 

7. Декоративтік мүсіндер. Астана қаласының басшылығы суретшілер, дизайнерлер және сәулетшілердің арасында үлкен байқау ұйымдастырды. Шарт бойынша байқауға қала көркін ашатын жобаларды ұсыну керек еді. Байқау аяқталған соң, үздік деп танылған жобалар Астана көшелерінде орын алды. Қоладан тұрғызылған мүсіндер әр қилы болғанымен, оларды барлығы қаланың сәнін кіргізіп, көпшілік қауымның сүйікті демалыс орындарының біріне айналды.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.

22633 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 10 қаңтар 2012, 14:20
Пікірлер
+0
11 қаңтар 2012, 12:35

ЕЕЕЕх, Астанамды сағыныыыыып кеттім.((( Бәрібір мен үшін ең керемет қала!

+0
11 қаңтар 2012, 14:30

Мен Астананы жек көрем!!!!!

+0
11 қаңтар 2012, 14:35

Ойбай, не болды сонша жек көріп? ))

+0
11 қаңтар 2012, 14:36

Мен де)

+0
11 қаңтар 2012, 14:45

Астана тургындары сондай суык, катал климатка уйренген адамдар. Кезиндеги Акмоладан адеми Астананы енбектеримен тургызган амбицияга толы адамдар. Мумкин, сол ушин де, кеуделерин мактаныш пен менмендик кернеп кететин шыгар... "Биздин Астана, биз осындаймыз" деген пафос сезиледи.

Астана клубтарында жастар Алматыдагыдай елкилдеп-селкилдеп билемейд даже. Сондай салмактылау минездери бар )))

Сатушылар Алматыдагыдай "келини, алыныз" деп немесе даяшылары "не жейсиз, не ишесиз" деп жалпылдап турмайды. Аласын ба, ал, онда жок! )))

+0
11 қаңтар 2012, 14:56

"Алмасаң - құры бар!" демей ме әйтеуір? )))) Маған негізі Астана тек суық ауа-райы үшін ғана ұнамайды. А так жақсы қала сияқты.

+0
16 қаңтар 2012, 13:26

Арине, жаксы кала. По крайней мере Алматыдан баргандар канша жаловаться етсе де, кайтып оралмайды :)

+0
12 қаңтар 2012, 16:38

Қостанай Астанадан да суық, сонда менің қандай болғаным (типа ойланып қалған смайл)

+0
11 қаңтар 2012, 15:17

Астананың қыс десе қысы бар, жаз десе жазы бар, көшелері таза, жастарға мол мүмкіншілігі бар керемет қала! Просто алматылықтар астананы ауыстырып жібергесін қызғанады. Негізі, өз елімізді түгел жақсы көргеніміз дұрыс. Жек көремін деген қатты естіледі екен.

+0
11 қаңтар 2012, 22:41

МАСА десе МАСАсы шіркін ол бар деп қойсыңыз қалай болар екен )))

+0
12 қаңтар 2012, 09:15

Қызғану деген артықтау. Екі қаланың да Қазақ тарихында алар орны бір-бірінен өзгеше. Астана - жас қала. Ал Алматы талай жыл астана болып, алып шаһарға айналды. Астананы тек сол қаланың тұрғындары салды деуге болмас. Қаланы кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әр саладағы азаматтар салды десем артық болмас.

+0
12 қаңтар 2012, 16:37

Дұрыс айтасың, Ғазиза!

+0
11 қаңтар 2012, 16:10

Астанада болған едім. Маған өте ұнады! Тема қала!!

+0
11 қаңтар 2012, 23:38

Астана әзірге мен жақсы көрген жандарды өзіне алып алып, мені барғызбай /әйтеу бір реті келмейді барудың/ жүрген қала. Оуууу 98де бір барғанмын, одан бері қарай қала мұлдем өзгеріп те кетті ғой, ТВ дан суреттен көрсең әдемі әйтеу ))), ал негізі Алматыма жетпейді-ау

+0
12 қаңтар 2012, 09:16

Иә, Алматыға жетпейді)

+0
12 қаңтар 2012, 16:40

Астанада болмадым. Левый берік-правый берік дегендерін де көргім келеді. Екеуі екі бөлек дейді ғой... сәні де, мәні де...

+0
12 қаңтар 2012, 16:42

Астана әдемі қала, ең бастысы орталық жақта қыдырсаң тема ғой, бір жақтан шығып, екінші жаққа жаяу бара саласың.

+0
12 қаңтар 2012, 18:06

Астана әдемі қала ғой. Жарқыраған ғимараттар, зәулім үйлер... Бірақ, бәрібір өзімді тартпайды. Қанша рет бардым, ол қалаға үйренісе алмадым. Ал Алматыға бір аптаға барғанымда, өзіне сооондай баурап, жақын тартып алғандай болды!

+0
16 қаңтар 2012, 01:43

Негізі шынын айту керек, Астанаға кыдырып баруға 2 күнде жетіп жатыр. Көретінің сол тек левый берег. Хан шатырынан сәл асып кетсең қу дала))) Дегенмен он - он бес жылда Алматыны озып кетер деген үміттемін себебі бұл қаланың болашағы өте зор.

+0
19 қаңтар 2012, 10:35

суық қала.... Алматы сияқты баурап алмайды
Алматы зе бест қой!

+0
13 ақпан 2012, 11:52

иә, Астананың болашағы зор, алматылықтардың салықтарының арқасында........ Астананы салғанша, Қазақстанның әр аумағындағы 5 қаланы көтеруге болушы еді, сонда халық та Алматы мен Астанаға үдере көшпес еді......

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...