25 шілдеде елдің бес облысында аптап ыстық жалғасады

25 шілдеде елдің бес облысында аптап ыстық жалғасады
Фото: depositphotos/pahis.ukr.net

25 шілде күні елдің бес облысында аптап ыстық жалғасатын болады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ерекше ыстық ауа-райы Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысында байқалатын болады. Атырау облысында шаңды боран соғуы мүмкін. Ал Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысы аймақтарында бұрынғыша өрт шығу қаупі сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында жылдамдығы 15-20 м/c жел тұрады. Атырау облысының кейбр аймақтарында желдің жылдамдығы 17-22 м/c-қа дейін баруы мүмкін.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!