"Атырау аруы - 2012" белгілі болды

"Атырау аруы - 2012" белгілі болды

Алп-алп басқан алыптар мен айқабақ арулардың отаны болып саналатын Атырау қаласы өз сұлуын таңдады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлап отыр. 

"Атырау аруы - 2012" атағын Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының студенті Дина Манасова иеленді. Ал "Батыс Қазақстан аруы" атты лауазымды титул Асылай Әмитоваға бұйырды. 

Енді қаланың таңдаған сұлуы Астанада өтетін  "Қазақстан аруы - 2012" республикалық сұлулық байқауына қатысатын болады. Әзірше еліміздің ең сұлу бикеші талдықорғандық 17 жасар Айнұр Төлеуова болып тұр. 

Естеріңізге салсақ, аталған сұлу осы жылдың қыс айында "Әлем аруы-2012" байқауына қатыспақ. 

Сурет: tengrinews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига