20 шілде күні көпшілік облыстар жаңбырлы болады

20 шілде күні көпшілік облыстар жаңбырлы болады
Фото: depositphotos/were-photography

20 шілде күні Қазқстанның көпшілік облыстарында өткінші жаңбыр жауып, жел тұрады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлады.

Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақарында ыстық ауа-райы сақталатын болады. Атап айтсақ, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Шығыс Қазақстан облысының кейбір аймақтарының тұрғындары аптап ыстыққа куә болады. Әсіресе Қызылорда, Қарағанды, Қостанай облыстары тұрғындары ерекше абай болғаны жөн. Синоптиктердің айтуынша, орын алатын жоғары температураның әсерінен кейбір аймақтарда өрт шығу қаупі бар.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел тұрады деп болжанып отыр. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Telegram парақшамызға жазылыңыз!