Ертісте қорқынышты балық пайда болды

Ертісте қорқынышты балық пайда болды
Фото: depositphotos/paluoff.gmail.com

Ертіс өзенінде алып балық пайда болды.

Семей қаласының тұрғыны Лейла Сарсекинаның айтуынша, ол отбасымен өзен жағасына суға түсуге барған. Дегенмен отбасының демалысы ұзаққа созылмады. Өзенде жүзіп жүрген екі метрлік балықты көргеннен кейін демалушылар суды тастап, тұра қашқан.

Осыған байланысты: "Біз қатты қорқып кеттік. Бірден киімдерімізді жинастырып, жағажайдан тайып тұрдық. Маған бұл жылан болып көрінді. Бірақ інімнің айтуынша, көрінген балық үлкен жайын болуы мүмкін", - деп сұхбат берді Лейла. Бұл оқиғадан кейін судағы құтқарушылар қызметіне хабарласып, мән-жайды түсіндіргендігін қоса айтты. 

Ертіс өзені

Шақыртудан кейін оқиға орнына жеткен құтқарушылар адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін ешқандай жануарды көзі шалмаған. Дегенмен құтқарушылық қызметінің әдіскері Тасболат Көшкімбаев: "Аталған балық жыртқыш болуы да мүмкін. Сондықтан қала тұрғындары өзенге түсу кезінде абай болып, балалырына қарайлай жүргені абзал", - деді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!