CNN Қазақстан жайлы бағдарлама дайындады

CNN Қазақстан жайлы бағдарлама дайындады
Фото: depositphotos/recommendedbyanna
CNN халықаралық телеарнасынан бір апталық сапармен келген американдық журналистер  "Қазақстанға көзқарас" атты бес күндік серияның трансляциясын бастады. Бұл жобаның мақсаты шетелдік көрермендерді біздің елмен таныстыру. Көрсетілім барысында сонымен қатар, мұнай және газ кен орындарына, инфрақұрылымға, туризмге және де тәуелсіз Қазақстанның тарихына шолу болады. Программа авторлары аталған жоба тек үлкен аудиторияны қызықтырып қана қоймай, шетелдік инвесторлардың көңілін аударатынына сенімді екендіктерін айтады. Қазақстандық көрермендер "Қазақстанға көзқарас" атты бағдарламаны 20 шілдеге дейін күн сайын Астана уақытымен 21:00-де CNN телеарнасынан тамашалай алады. 

"Қазақстан - алып мемлекет. Біздің бағдарлама халықаралық аудиторияның назарын бұл елге аудартады", - дейді CNN телеарнасының халықаралық хабар тарату бөлімінің вице-президенті Майк Маккарти. 

Ж. FM