"Miss Grand Sea Universe-2015" байқауында қазақ қызы "төртінші вице-ару" атанды

"Miss Grand Sea Universe-2015" байқауында қазақ қызы "төртінші вице-ару" атанды
Фото: mix.tn.kz, vk.com

Жақында Болгарияда өткен халықаралық "Miss Grand Sea Universe-2015" деп аталатын сұлулар сайысында ел намысын Ақерке Ысқақова есімді 25 жастағы ару қорғайтынын айтқан болатынбыз. Жарыс өз мәресіне жетіп, отандасымыз "төртінші вице-ару" атанды. Сонымен қатар Ақерке "Miss Elegant Sea Universe-2015" (кербез ару) аталымы бойынша марапатталып, Болгарияда бір апта демалуға жолдама алды. 

Естеріңізге сала кетейік, "Miss Grand Sea Universe-2015" байқауы мынадай кезеңдерден тұрды: ұлттық костюм, туған жерін таныстыру, өнерлілер конкурсы, кешкі көйлекпен шығу, спорттық жарыс, сонымен қатар көрермендер көзайымы. 

Айта кетейік, Ақерке Қазақстан-Америка университетін радиотехника және телекоммуникация мамандығы бойынша аяқтады. Алайда сән әлемінде жүргеніне 10 жылға жуық уақыт болған. Оның бұл жолда жеткен жетістіктері де аз емес. Ол қайырымдылықпен де айналысады. Байқау алдында Ақерке "Бала арманы" атты әлеуметтік жоба ұйымдастырды. Оған аз қамтылған отбасыдан шыққан 15 бала қатысты. 

Ж. Исакаев