Алтай шыңын бағындарған джипперлер

Алтай шыңын бағындарған джипперлер

Жазда кім де кім болмасын өз жұмысын, оқуын немесе басқа да жеке шаруаларын тастап, қоғамдық ортадан аулақ кетіп, табиғат құшағында болуды армандайтыны рас.

Дегенмен, біреулер тек армандаумен ғана шектелсе, енді біреулер армандарын шынайы іске асыруда. Бостандықты көксейтін бұл адамдар темір тұлпарларымен тағы да сапарға аттанды.

Бұл жолы 15 көліктен тұратын джипперлер командасы таңертең орталық лагерьден Алтай тауындағы су қоймасына бет алған еді.

Демалыс лагерінен 100 шақырым қашықтықта орналасқан Малоульбинкое су қоймасына жетемін дегенше джипперлер  бірнеше қиындықтарға кезікті. Жүргізушілер жол бойындағы долы өзендерден өтті. Дегенмен бұл қиындықтардың барлығын джипперлер өздерінің тәжрибесі және шеберліктерінің арқасында артта қалдыра алды.

Табиғат ананың қолайсыздығына қарамастан су қойманы бетке алған саяхатшылардың барлығы дерлік діттеген жерлеріне аман-есен жетті. 

"Саяхаттың соңғы кезеңінен керемет әсер алдық. Джипперлердің есінде Алтай тауынан қалатанын естеліктердің де мол болатынына сенемін. Біз мұнда көптеген жаңа достар, таныстар таптық және де ештеңемен теңдессіз адреналин біздің жадымызда мәңгі сақталып қалмақ" - дейді фестиваль қатысушылары.

Күн сонымен қатар қысқа дистанциялы «джип спринт» автокөлік жарысымен жалғасты. Алайда ауа-райының шуақты болуына қарамастан, әуесқой жүргізушілерді әлі де батпақты жолдардың күтіп тұрғаны айдан анық еді. Дегенмен, жиырма жуық джип қатысқан бұл жарыста семейлік авто жүргізуші ең үздік атанды.

Айта кетсек, шілде айының жетінші жұлдызында басталған және Қазақ жерінде алғаш өтіп отырған Алтай.кз 2012 халықаралық джип фестивалі 13 шілде – сенбі күні аяқталады. Аталған күні фестиваль қатысушылары лагерь аймағында сенбілік өткізетін болады. 

Фестивальден арнайы Massaget.kz үшін: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: Ғани Тұрғынбеков