"Көктөбе" мұнарасының айналасында табиғат мұражайы салынбақ

"Көктөбе" мұнарасының айналасында табиғат мұражайы салынбақ
Фото: depositphotos/LyazaTretyakova

"Көктөбе" телеорталығының аймағында қала табиғатының мұражайы мен киноорталық салынатын болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі Ахметжан Есімов телемұнара аймағына келіп, ландшафттық демалыс және спорт паркінің жобасымен танысты. "Көктөбе" телерадиоорталығының айналасын реконструкция кезінде туристерге бар жағдай жасауға талпынатын боламыз. Сонымен қатар, жергілікті архитектуралық комплекстің көркін бұзбауды жолға қоямыз", - деді әкім.

Жоба бойынша, осы аймақта үлкен ойын-сауық орталығы, балаларға арналған аттракциондар, салтанат залы, Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің галлереясы орын тебетін болады.

Құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталмақ. Жұмыс алаңын рельефті зерттеуге 25 миллион тенге (167 мың доллар) жұмсалмақ. 

Бұған дейін үстіміздегі жылдың 11 наурызында Алматы қаласы әкімі мен көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Көктөбе аймағын туристік орынға айналдыру туралы келісімге қол қойған болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

tiktok парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!