Ауа райы: Таяу тәуліктерде де күн суық болады

Ауа райы: Таяу тәуліктерде де күн суық болады

Синоптиктер қолайсыз ауа райының әлі де сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, таяу күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қар жауып, мұзтайғақ болады. Сонымен қатар, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ал еліміздің шығысында боран тұрады. 

"Наурыз айының соңғы күндері Қазақстанда қар жауып, боран тұрды, жексенбі күні ауа температурасы климаттық нормадан 6-14 градусқа төмен болды. Солтүстік және батыс облыстарына суық антициклон ауысты, ол алдағы тәулік ішінде республиканың барлық аумағын қамтиды және оның ықпалымен ауа температурасы нормадан төмен болады", - деп хабарлайды синоптиктер.

Еске сала кетейік, бұған дейін 28-30 наурыз аралығында елімізде күннің суытатыны хабарланған болатын. "Фронттардың шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай ақырындап ығысуынан республиканың солтүстік жартысында қар жауады және желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, кей жерлерде бұрқасын болып, түнгі ауа температурасы 18-28 градусқа дейін төмендейді", - деп болжады мамандар.

сурет: eer.ru

Е. Қайрахан