“Әр адамның дауысы маңызды” науқаны басталды

“Әр адамның дауысы маңызды” науқаны басталды

Қазақстанда 26 сәуірде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Осы сайлауға 17 миллион адамның болашағы — саяси тұрақтылық, экономикалық даму, әр қала мен ауылдар бейбітшілігі мен тыныштығы тәуелді. Осы сайлау өте маңызды, ол жаһандық қарсы шығулар мен қатер мерзімінде өткелі тұр. Қазақстанның мақсаты - сыртқы факторларға кері әсері тиюіне жол бермеу, болашағымыздың өсіп-өркендеуіне ат салысу. Сондықтан, біздің азаматтарымыздың болашаққа деген жауапкершілігін мойындай отырып, конституциялық парызын орындауы өте маңызды.

Жақында мемлекетімізде үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осыған байланысты, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы “Әр адамның дауысы маңызды” ұранымен ауқымды ақпараттық науқан басталғанын жариялайды. Науқанның басты мақсаты — бизнес-қауымдастығын жандандыру және азаматтарды Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына қатысуға барынша насихаттау.

Науқанның жалпы жоспары қандай?

Біріншіден, еліміздегі бизнесмендер өздері өндіретін өнімдерін арнайы танымбелгімен белгілейді. Ол үшін «Атамекен» ҰКП логотибі және "Әр адамның дауысы маңызды" ұранымен арнайы жапсырмалар дайындалады. Азаматтарымыз отандық тауар өндірушілердің өнімдерін сатып алып, міндетті түрде осы үндеулерге көңіл бөліп, 26 сәуірде сайлау учаскесіне келуі қажет.

Екіншіден, бүгіннен бастап, еліміздің барлық дәмханалары мен мейрамханаларында «Атамекен» ҰКП танымбелгісімен ақпараттық күнтізбелер пайда болады. Олар күн сайын келушілерге ҚР Президенті сайлауы туралы және дауыс беруге қанша күн қалғанын еске салып тұрады.

Сонымен қатар, қазақстандықтарға сайлау туралы насихат арнайы ҰКП-ның әр қалаларға ілінетін билбордтары мен "Әр адамның дауысы маңызды" атты роликтер облыстық және республикалық арналар мен радиоларда жүргізіледі.

Сондай-ақ, барлық облыстарда аймақтық палата қызметкерлері мен аймақтық кеңес мүшелерінен құралған тез әрекет жасаушы топтар қызметін бастады. Олар жергілікті мекемелерге барып, кіші және орта бизнес ұжымдарымен кездеседі, кәсіпкерлер палатасы қызметімен таныстырып, ҰКП көрсететін қолдау шараларын айтып өтеді. Сонымен қатар, барлық сұрақтарға жауап беріп, сайлау туралы және  дауыс беру мемлекетіміздің болашағына маңызды екенін еске салып өтеді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ешқандай саяси күшті ұсынбайтынын атап өту керек. "Біз осы, не басқа кандидатқа дауыс беруін насихаттамаймыз, тек тұрғындарды 26 сәуірде сайлау учаскілеріне келіп, дауыс беруге шақырамыз. Егер, дауыс берушілер сайлауға неғұрлым көп келсе, соғұрлым құқық бұзушылықтар мен бұрмалаулар аз болатыны анық", - делінген хабарламада.

Сурет: dnpr.com.ua

Оқи отырыңыз: 

"Ұлытау" экспедициясы негізінде дайындалған деректі фильм АҚШ-та көрсетілмек (видео)

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғаны қазақ тарихының көрсеткіші емес

Талғат Ермегияев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі туралы сұхбат берді

Алматыда жапон бағы пайда болады

Ж. Өрісбай