"Ұлытау" экспедициясы негізінде дайындалған деректі фильм АҚШ-та көрсетілмек (видео)

"Ұлытау" экспедициясы негізінде дайындалған деректі фильм АҚШ-та көрсетілмек (видео)

«Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» бастауымен өткен жылдың 11-22 тамыз аралығында ұйымдастырылған "Ұлытау" эскипедициясы негізінде деректі фильм дайындалуда. Аталған фильмде экспедиция мүшелерінің атқарған жұмыстары мен жалпы ұжымдық жоспар нәтижесі көрсетіледі. 25 минуттық екі бөлімнен тұратын деректі фильм ағымдағы жылдың 21 сәуірінде басталатын Америкалық Географтар Қауымдастығының (AAG) конференциясында көрсетілетін болады, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі ҚҰГҚ ғылыми жобалар бойынша аға менеджері Сәулет Сәкеновтің фейсбук парақшасына сілтеме жасай отырып.

Айта кетсек, бұл – тарихи мекендерді қайта толық көлемде зерттеп, жаңа ғылыми-рестоврациялық жобаларды іске асыру мақсатында жолға шыққан «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» алғашқы экспедицияларының бірі еді. Белгілі жоспарланған бағытпен шыққан ғылыми-танымдық экспедиция Едіге есімін алған таудың төбесінде жерленген Едіге, Тоқтамыс, одан бөлек, Хан Ордасы, Жошы хан, Алаша хан және өзге де тарихи тұлғалардың кесенелерінде толық көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. 

"Ұлытау" экспедициясы негізінде дайындалған деректі фильмнің трейлері

Америкалық Географтар Қауымдастығының (AAG) конференциясы сәуір айының 21-25 аралығында АҚШ-тың Чикаго қаласында өтеді.

Сурет: © Massaget.kz

Оқи отырыңыз: 

"Ұлытау" экспедициясы жабылып қалған бұлақ көзін қайта ашты

"Ұлытау" экспедициясы жаңа туристік нысандарды іздеп жатыр

"Ұлытау" экспедициясы алға қойған жоспарын толық орындады

«Ұлытау» экспедициясы күнделігінен #1

Ж. Өрісбай