Алматыда троллейбустар мен трамвайларға тегін Wi-Fi орнатылды

Алматыда троллейбустар мен трамвайларға тегін Wi-Fi орнатылды

Алматының төрт троллейбусы мен барлық трамвайына тегін Интернет орнатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz "Алматыэлектротрансқа" сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, тегін Wi-Fi трамвайларда екі күннен бері жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, Алматыда 12 бағытта жүретін барлығы 212 троллейбус бар.

Алматы қоғамдық көліктеріне жаппай тегін Wi-Fi орнатқан Қазақстандағы ең соңғы қалалардың бірі болды. Бұл тұрғыда Петропавл көш бастап тұр. СҚО облыстық оралығының қоғамдық көліктерін Wi-Fi-мен жабдықтау 2013 жылы желтоқсанда басталды. Ол кезде Интернет нүктелері 20 автобусқа орнатылған еді.

сурет: kazakh.ru

Е. Қайрахан