Канадалық цирк ұжымы Астананы туған күнімен құттықтайтын болады

Канадалық цирк ұжымы Астананы туған күнімен құттықтайтын болады
Фото: depositphotos/en.wikipedia.org

Осы жылы еліміздің Астанасы 14-ке толады. Осы орайда жерімізге аты аңызға айналған Канадалық Cirque du Soleil циркі қонақ болып, өнер көрсететін болады.

Cirque du Soleil  мерекеге арнап 60 минуттық көрініс дайындап жатыр. Қонақтардың көрсететін таңғажайып шоуы бұдан бұрын еш жерде көрсетілмегендігін айта кетелік. Барлығы астанамыздың мерейтойына арнайы дайындалуда.

60 адамнан құралған ұжымның ішінде танымал музыканттардан бастап техникалық мамандарға дейін бар. Техникалық құралдар мен акробаттық керек-жарақтардың барлығын түйіншіктеп дайындалып жатқан ұжым Астана қаласында 4,5,6 шілдеде өнер көрсететін болады. "Қазақстан" спорт сарайына жетім балалар мен соғыс ардагерлері тегін кіріп, шоуды қызықтай алады. 

Cirque du Soleil 1984 жылы құрылған әлемге кеңінен танымал цирк ұжымы. Артистердің өнерін осы уақытқа дейін 100 миллион адам тамашалап үлгерген. Әлемнің 300-ден аса қаласына қонақ болған олар үстіміздегі 2012 жылы әлем бойынша 21 гастрольдік сапар жоспарлап отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!