Түйе өркеші немесе Астана вокзалы

Түйе өркеші немесе Астана вокзалы

Астанада өткен жабық архитектуралық конкурста LAVA архитекторлық бюросы темір жол вокзалының ерекше жобасын ұсынды. Ұсыныс қабыл болса, ғимарат возкалмен қатар автомагистраль, метро станциясы қызметін де атқарып, қалаға қызмет ететін болады. Ғимарат жобасы түйе өркеші стилінде жасалыпты.

LAVA архитекторлары берген сұхбатында: "Астана - тарихы тереңде жатан өлке. Бұл жерде Ұлы Жібек жолы өткен. Географиялық орналасуы оны халықаралық кездесу нүктесіне айналдырып отыр. Азия мен Еуропаның кездесетін жері - Астана. Сол себепті қала өз статусына сай болғаны жақсы", - депті. Жобаның ерекшелігі ретінде табиғи жарықтандыру мен зиянды қалдықтардың көлемінің аздығын айтуға болады.

Қысқаша айтқанда, LAVA Астана вокзалын әлеуметтік, коммерция, сауда, ойын-сауық орталығына айналдырғысы келетіндігін білдірді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан