Бүгін - ұлттық аза тұту күні

Бүгін - ұлттық аза тұту күні
Фото: depositphotos/serikbaib

Елбасымыз Н. Назарбаев "Арқанкерген" шекара бекетіндегі қазақстандық шекарашылардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты елімізде 2012 жылғы 5 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Алматы облысы, "Арқанкерген" шекара бекетінде мамыр айының 27-сінен 28-іне қараған түні 15 адам (14 шекарашы мен бір қорықшы) қаза тапқан еді. Қазақстанның әр өңірінен келген шекарашылар бір түнде өртке оранып, күл болып жанып кетті. 

Бүгін республикалық БАҚ-тарда көңіл-күйді көтеретін ақпараттар, әңгімелер жарияланбайды. Барлық мемлекеттік мекемелердің маңдайшасындағы тулар түсіріледі. 

Массагеткз ұжымы қайғы жамылған халыққа көңіл айтады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Оңғарова