Сурет: "Орман ертегісі" Massaget.kz ұжымын журналистер мерекесімен құттықтады

Сурет: "Орман ертегісі" Massaget.kz ұжымын журналистер мерекесімен құттықтады

Маусым айының 27 жұлдызында «Орман ертегісі» этно-мәдени саябағы БАҚ өкілдерін мерекелерімен құттықтап, мәңгілік жадында сақталатындай демалыс экскурсиясын ұйымдастырды. "Effective Media Liaison" холдингіне қарасты интернет порталдармен қатар, Massaget.kz журналистерін де күтіп алып, 4 топқа бөлді. Олар «Эти», «Алатау», «Зайки», «Чечил» деп аталды. Әр топ алдына қойылған тапсырмаларды жарыса орындап, конструктор маманның көмегімен Ой-Қарағай өлкесінің әсем табиғатымен танысты.

Алғашқы тапсырма бойынша, топтар арқанды аттракционға мініп, артынша таудың басына өрмелеп шығу мүмкіндігіне ие болды. Бұдан өзге дастарқан басына жиналғанда махаббат тақырыбындағы әндерді айтып жарысты және жүрегінің түгі бар 20 журналист 102 метр биіктікте орналасқан супер-троллей аттракционымен сырғанады. Мұнымен қатар "Эти" командасы өзгесінен басым түсіп, журналистердің бірі ұялы телефон ұтып алды.

«Орман ертегісі» еуразиялық этно-мәдени саябағы – аумағы бес жарым гектарды алып, теңіз деңгейінен 1650 метр биіктікте орналасқан табиғи шипажай. Ал енді "Орман ертегісі" еуразиялық этно-мәдени саябағы туралы бірер мәлімет ұсынамыз.

Қыдыратын орындар:

  • Көлемі 10 адам сиятын, жабдықталған қос деңгейлі 4 VIP-шале;
  • Екі адамдық люкс, жартылай люкс, стандарт люкс коттедж қалашығы.

Қос деңгейлі VIP шалелер табиғаттың әсем көркімен үйлесе отырып, таудың биік бөктерінде орналасқан. Сіздер керемет демалыс науқанын өткізу үшін үйде 5 жатын бөлмесі, алауошақ залы, жабдықталған ас, демалыс бөлмелері, сауна, тауға қараған тамаша террасса бар. Алып сарай еуропалық үлгідегі бай интерьерлік құралдармен жасалып, ерекше талғаммен істелген. Барлық құрылыс материалы экологиялық таза заттардан жасалған.

Тамақтану:

  • «Ақ ауыл» киіз үй мейрамханалары;
  • 70 адамға арналған грузиялық «Чашнагири» мейрамханасы;
  • 100 адамдық кофехана. Мұнымен қатар балаларға арналған арнайы тамақтану орны қарастырылған.

Орман ертегісі көлемі 320 шаршы метр болатын 180 адамға шамаланған ірі киіз үй салған. Саябақ басшыларының айтуынша, шипажайдан ұлттық дәстүрдің жұпар иісі аңқып, қазағымыздың қонақжайлылығы бірден көрінуі тиіс.

Жазғы аттракциондар

Тауға өрмелеу:

  • Виа-феррата (спортшылар үшін нағыз тартыс алаңы);
  • Қиындығы бойынша әр деңгейлі 13 бағыт;
  • Бүлдіршіндерге арналған толық қауіпсіздендірілген 2 бағыт;

Арқан жіппен тартылған «Орман ертегісі» аттракционы:

  • 7 бағытты нұсқайтын әртүрлі деңгейлі ересектер жолы;
  • Бүлдіршіндер бағыты (3-6, 7-11, 12-ден жоғары жас);

  1. «Ой-Қарағай» супер-троллейі;
  2. Пейнтбол;
  3. Рафтинг.

Қысқы аттракцион:

  • Баллонмен сырғанау (Snowtubing);
  • Тау шаңғылық жоларна;
  • Мұз айдыны:

Балалар мен ересектерге арналған тау шаңғы:

  • Шаңғы;
  • Сноуборд;
  • Жалға алу құрал-жабдықтары;

Атқа міну орталығы:

  • Жылқыға отыру сабақтары;
  • Жергілікті орында жылқымен серуендеу;
  • Ат күймесімен серуендеу;


Мерекелеріне арналған тосын сыйға риза болған журналист өкілдері «Бұл жерге келген де, келмеген де арманда» деп тамсанып тарқасты.

Massaget.kz ұжымы қазақстандық журналистерді мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, жұмыста табыс тілейді!

Арнайы Massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай