Алматыда тұңғыш жер асты сауда орталығының ашылуы өтті

Алматыда тұңғыш жер асты сауда орталығының ашылуы өтті

Алматыда тұңғыш "Алмалы" жер асты сауда орталағының ашылуы өтті. Аталған сауда орталығы Респулика алаңында орналасқан.

Сауда орталығының салтанатты ашылуына қала әкімі Ахметжан Есимов қатысты. Ол құттықтау сөзінде бұл ғимараттың ерекше екендігін атап өтіп, барлық ынтызарларды жаңа орталықты тамашалауға шақырды. Сонымен қатар Есимов мырзаны 10 мың шаршы метрлік паркингпен таныстырып, ашылуы 8 мамыр күніне жоспарланған қазақстандық спортшы Александр Винокуровтың велодүкенін көрсетті.

Сонымен қатар, маусым айында жаңа сауда орталығының ішінде 400 орындық Bekmambetov Cinema кинотеатрының тұсауы кесіледі. Кинотеатрдың ашылуына атақты режиссер Тимур Бекмамбетовтың қатысуы күтілуде. Ол үш стандартты залдар мен үш VIP-залды қамтитын болады.

Сауда орталығы алты бірдей эвакуациялық пункттермен жабдықталған. Сондай-ақ, өрттен (пайда болған жағадайда) қорғану бөлмелері де қарастырылған.

Екі қабатты жаңа орталықтың көлемін айтар болсақ, ол 25 мың шаршы метрді алып жатыр.
Ж. FM