Әйелдердің рөлі төмен бе?

Әйелдердің рөлі төмен бе?

Статистика агенттігінің ақпараты бойынша, әйелдердің қоғам өміріндегі алатын рөлі күннен-күнге артып, ерекше қарқын алып келе жатыр. Мысалы 2011 жылғы статистика бойынша, елдегі әйелдердің жалпы үлесі 51,8 пайыз. Ал өмір сүру ұзақтығы еркектермен салыстырғанда 10 жылға көп. Сонымен қатар, бастапқы білім алушылардың 48,8 пайызы, орта білім алушалырдың 49,4 пайызы, ЖОО-дағы студенттердің 58,3 пайызы қыздар қауымының өкілдері екен.

Осы тақырыппен айналысып, зерттеген ғалым Мишель Гийоның ойынша, әйел адамдардың өмірінің ұзағырақ болуының себебі, олар айналадағы проблемаларға басқаша көзбен қарап, қиыншылықтарды аса көңіліне алмайды екен.

Әйел адамдардың экономикадағы үлесі де аз емес болып шықты. Статистикалық агенттіктің зерттеу нәтижесі бойынша, іскер әйелдердің бұл саладағы үлесі 54,3 пайызды құрайды екен.

Көп балалы аналардың да саны артып келе жатқан көрінеді. Мысалы 2005 жылы бестен көп баласы бар ананың саны 251,9 мың болса, бұл көрсеткіш тура бес жылдан соң 300 мыңға жетіпті.

Сонымен қатар, әйелдердің еркектерден гөрі 2 есе аз жалақы алатындығы анықталған. Ең аз жалақы 18 000 теңге (өңдеу саласындағы техник-механик) болса, ең жоғарғы айлық 802 мың теңге (мұнай өндіру саласындағы басқарушы) екен әйелдер қауымы арасында.

Мемлекеттік қызметкерлердің 57,1 пайызының тағы да әйелдер екендігін айтып өтелік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз