Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Шарын шатқалы

Шарын шатқалы

 Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы - Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі.

Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды. Аңғар ұзындығы шамамен 2 шақырым, ені 20-80 метрге дейін барады. Шатқалдан ежелгі суретшілердің төл туындыларын көруге болады. Жабайы аңдардың бейнесі арқылы бұл аймақта палеолит дәуiрiндегі құс-жануарлардың мекендегенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, аңшылық пен саятшылық кәсіптердің болғаны нақты айқындалған.  

Шатқал бойымен ағатын Шарын өзені Алатаудан бастау алып, Іле өзеніне құяр жолында Жалаңаш үстіртін кеседі. Шарын өзеніне кіші өзендер келіп құяды. Өзен ағысы секундына 10-12 шақырымға жетеді. Бұл ағыс рафтинг спортына жарамды. Өзеннің арнасының кеңдігі 35-40 метрге дейін жетеді.

Шарын шатқалының аумағына өзенмен бірге Шетен тоғайы енеді.  Тоғай негізі соғдиян шетенiнен (Fraxsinus potamophila) құралған. Әлем бойынша мұндай тоғалар екі жерде ғана бар. Бірі Қазақстанда Шетен тоғайы сақталса, бірі Солтүстік Америкада ғана сақталып қалған. 1964 жылы Шетен тоғайы табиғат ескерткіші деп жарияланды.

Шарын шатқалының табиғаты жануарлар мен өсімдіктерге бай. Бұл жақта ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25, сүтқоректердің 62 түрі мекендейді. Шатқалда өсетін 1500 өсімдіктің 17 түрі «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» енген.  

16011 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 14 желтоқсан 2011, 15:29
Тегтер: Шарын шатқалы,
Пікірлер
-1
20 желтоқсан 2011, 21:58

Шарынға баруды армандап жүрмін, жазда жол жөнекей өтсеңіз, алып кетіңізші мені бірге

-1
28 қаңтар 2012, 15:32

жазда тым ыстык болады, коктемде немесе кузде жаксы. асиресе казан айында табигаты тамаша, кызылды-жасылды сурет.

-1
23 желтоқсан 2011, 03:33

Мен барғанмын. Өте тамаша жер. Қайтадан барғым келеді сол жерге.

+0
23 желтоқсан 2011, 19:42

суреттері әдемі екен

+0
27 желтоқсан 2011, 09:26

Жер жәннаты - Жетісу!

+0
16 қаңтар 2012, 01:35

Мен биыл ғана бардым, санаулы каньондардың ірі өз еліңде болғаны көкірегіңді көкке жеткізердей сезімге әкеледі.

+0
17 қаңтар 2012, 17:11

күшті жер ғой....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...