Үздік журналистер үкіленді

Үздік журналистер үкіленді

Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерлері анықталды. Одақ төрағасы Сейітқазы Матаев жылдың үздік журналистерін марапаттады.

Репортерлік жұмыстар бойынша Тәжік телеграф агенттігінің шығарылым жетекшісі Кемар Машанло, Zakon.kz порталының журналисі Торғын Нұрсейітова, экономикалық шолулар бойынша ҚазТАГ-тың халықаралық ақпарат қызметінің жетекшісі Расул Рысмағамбетов, «Интерфакс - Қазақстан» ақпарат агенттігінің бас редакторы Вячеслав Пащенко, саяси шолулар бойынша «Хабардағы» «Көзқарас» бағдарламасының жүргізушісі Ирак Елекеев, Zonakz.net бас редакторының орынбасары Ғымран Ерғалиев, журналистік тексерістер бойынша «31 арна» телеарнасының «Сөздің шыны керек», «Честно говоря» бағдарламаларының редакторлары Ирина Әлімжанова мен Полина Шиманская, тың ізденістер бойынша «Қазақстан патриоты» журналының бас редакторы Раушан Кәрішалова, «Отан сақшысы - Часовой Родины» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Кенжебек Сейітмұхаммедов, телевизиялық жұмыстар бойынша «Қазақстан - Тараз» телеарнасының жүргізушісі Ғайни Әлімбекқызы, «Жетісу» телеарнасының редакторы Антон Хатеновский, зерттеушілік жұмыстар бойынша «Марал адам» киноэссесінің түсіру тобы өкілдері Жұмаділ Әділбаев пен Анатолий Лаптев, ғылыми-көпшілік жұмыстар бойынша «Казахстанская правда» газетінің арнаулы тілшісі Дулат Молдабаев пен «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Анар Төлеухан және медиажоба номинациясы бойынша «Новая газета» басылымының жетекшілері Сергей Кожеуров пен Дмитрий Мұратов үздік деп танылды. «Қазақстан - Zaman» халықаралық газетінің Рахымбай Ханалы атындағы дәстүрлі сыйлығы «Дала мен қала» газетінің фототілшісі Қайрат Мұқашұлыға берілді. «Қазинпресс» редакциялық-баспалық тобының Амангелді Ахметәлімов атындағы сыйлығына журналист Әділ Ыбыраев, Бейбіт Құсанбек атындағы атаулы сыйлыққа «Қазақстан» ұлттық арнасының жүргізушісі Бейсен Құранбек ие болды.

Қазақстан Журналистер Одағы түрлі құрылымдарды жұртшылықпен, әсіресе, ақпарат құралдарымен байланыстырып жүрген бір топ қызметкерді арнайы дипломдармен марапаттады.

Олардың қатарында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз хатшысы Дәурен Дүйсебаев, «Қазақтелеком» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Юлия Исакова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалианбеков, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының хатшысы Ерлан Қарин, «Қазкоммерцбанк» АҚ Қоғамдық байланыстар департаментінің директоры Лариса Коковинец, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Бексұлтан Құрманқұлов, ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Нұрділда Ораз бар.

Сейітқазы Матаевтың айтуынша, биыл шығармашылық байқауға еліміздің әр аймағынан барлығы 68 жұмыс түскен.

Жолдаған: Болатбек Мұхтаров

Сурет: angarsk.info

А. Құлтай