Астана күніне орай қазақстандықтар 3 күн демалатын болды

Астана күніне орай қазақстандықтар 3 күн демалатын болды

Астана күніне орай Қазақстан халқы 3 күн демалатын болды, деп хабарлайды Астананың 15 жылдық мерейтойын тойлау мен оны ұйымдастыруға арналған медиа-топ жетекшісі Жанар Колбачаеваның сөзіне сілтеме жасаған Tengrinews тілшісі. 

"Ресми қала күні - 6-маусым. Бұл күн сенбіге келетін болғандықтан, ресми түрде 6, 7, 8 маусым күндері демалатын боламыз",- деп мәлімдеме жасады Қазақстан Президенті жанындағы орталық коммуникациялар Қызметінде болған брифинг кезінде Колбачаева. 

Ол сондай-ақ Астана күніне орай өткізілетін ресми мереке 4-шілдеде ту көтерілгеннен кейін басталып, 10 күнге созылатынын да айта кетті.  

3-5 шілде аралығында "Қазанат" ипподромында ҚР Президенті мен Әлем Кубогына арналған халықаралық жарыстар өткізілмек. Одан бөлек, 3-шілдеде "Бәйтерек" монументі жанында Астана Кубогы үшін велоспорттан жарыс ұйымдастырылса, кешке қарай "Астана-Арқау" түрік музыкаларының фестивалі өтеді деп күтілуде. Бұл күндегі мерекелік шаралардың соңы "Астана Опера" опера және балет театрында қойылатын Чайковскийдің "Ұйқыдағы ару" балетінің премьерасымен тәмамдалады. 

Ал 4 мен 10-шілде аралығында бейбітшілік және келісім Сарайының сахнасында "Современник" театрының қойылымдары өтеді. Қалған барлық үш күн мерекелік шараларға толы болады. Мерекеге байланысты шаралардың толық бағдарламасын Астана қаласының ресми сайтыны кіріп, арнайы бөлімнен қарап, таныса аласыздар. Онда барлық шаралар мен олардың өту орындары толықтай көрсетілген. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет