Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Ашық аспан астындағы мереке

Ашық аспан астындағы мереке

Ашық аспан астындағы мереке

Дәстүрлі іс-шараға айналып үлгерген "Арт-Алаң" әлеуметтік-мәдени жобасы өз жұмысын бастады. Кеше, яғни, 14 маусым күні Алматы қаласының тұрғындарын 28-ші Панфиловшылар саябағына жинаған жоба ұйымдастырушылары думанды мерекені ашық деп жариялады. Аталған шара қаланың барлық аудандарында екі аптада бір рет – жұма және сенбі сайын – 31 тамызға дейін өтеді.

"Арт-Алаң" жобасының басты мақсаты - қала тұрғындарын мәдени, рухани жағынан байыту, оларды бірлікке шақыру, жаздың кешкі күндерін көңілді өткізуге септігін тигізіу. 

Жобаға қатысушы әрбір тұрғын қала өмірін жандандыруға өз үлестерін қоспақ.

Жоба аясында, түрлі көрмелер, қызықты конкурстар, мастер-класс пен байқаулар, эстрада және театр жұлдыздарының қатысуымен концерттер өтеді, сондай-ақ отандық және шетелдік көркем кинокартиналар таныстырылады.

Көрме және сәндік-қолданбалы өнер ұйымдарының жәрмеңкесіне кез-келген адам қатыса алады. Онымен қоса, "Арт-Алаң" мерекеге келген бөбектер үшін арнайы бағдарламалар дайындап отыр.

Панфилов саябағының ортасына "Пері" интерактивті инсталляциясы қойылған. Арман-тілектерді жазуға арналған тақтадан мынадай жазуларды оқи алдық:

"Күйзелістер мен күйбең тіршілікте әрқайсымызды армандар жетелейді. Күнде армандаймыз. Кейде армандауды да ұмытамыз, қолда барға да мәз боламыз. Енді елестетіп көріңізші: Сізде арман-тілектерді орындайтын пері бар. Сізге бар болғаны оған өз арманыңызды жазып немесе көрсетіп беру қажет. Ең бастысы өз қиялыңызға ерік беріңіз, оны босатыңыз, сонда ғана перілер оны орындай алады. Арманыңызға қол жеткізіп, ойға алған ісіңіз орындалады.

Фестиваль барысында жиналған қала тұрғындарына арналған интеллектуалдық викториналар ұйымдастырылды.


Онда: "Метроның құрылысы қашан басталды? Қанша метро станциясы бар? Алматыда қанша театр жұмыс істейді? Медеудің биіктігі? Алматыда қанша аудан бар?" сынды сұрақтар қойылды.

 


Жеңімпаздарға ұйымдастырушылардың атынан шағын сыйлықтар табыс етілді.

 


Ал "Меццо" тобының орындауындағы жанды дауыстағы әндер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Шараны қаланың мәдениет басқармасы және «Евразиялық мәдени альянс» ұйымы қолдап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша: "Арт-Алаңның бөлшегі атану – оп-оңай, ол үшін бар болғаны өзіңнің достарыңды, отбасыңды, таныстарыңды әкелсең жетіп жатыр".

"Арт-Алаң" осымен екінші рет өтіп жатыр. Былтырғы жылғы шараға 30 000 адам қатысса, биылғы жылы осы көрсеткішті 20-30 пайызға көбейту жоспарға алынып отыр.  Барлық ұйымдастырушыларға Бостандық, Медеу, Әуезов, Жетісу, Түркісіб және Алатау аудандарында көңілді шараларды ұйымдастыруға 100 сағат бөлінген.

Шараға жиналған алматылық тұрғындар ашық аспан астынды отырып кино тамашалай алады. "Арт-Алаңның" ашылуында "Препод" фильмі көрсетілсе, сенбі күні, яғни 15 маусым, түнгі сағат 22.00-де алматылықтар Тұңғыш Президент саябағы мен Family Park саябағынан «Қара жасын» ("Черная молния") кинофильмін тамашалай алады. Ал 28-ші Панфиловшылар саябағына жолы түскен алматылық қонақтар мен қала тұрғындарын ашық аспан астында «Президент Линкольн: Қанішерлерге қарсы күрес» («Президент Линкольн: Охотник на вампиров») кинофильмі күтетін болады.

"Арт-Алаң" жобасының бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз.

14-15 маусым.

28-ші Панфиловшылар саябағы (Медеу ауданы)

Тұңғыш Президент саябағы (Бостандық ауданы)

«Family» саябағы (Әуезов ауданы)

28-29 маусым

«Максима» ойын-сауық орталығының алдындағы алаң (Жетісу ауданы)

Сейфуллин атындағы саябақ (Түркісіб ауданы)

Алатау ауданы әкімшілігінің алдындағы алаң (Алатау ауданы)

12-13 шілде

28-ші Панфиловшылар саябағы (Медеу ауданы)

Тұңғыш Президент саябағы (Бостандық ауданы)

«Family» саябағы (Әуезов ауданы)

26-27 шілде

«Максима» ойын-сауық орталығының алдындағы алаң (Жетісу ауданы)

Сейфуллин атындағы саябақ (Түркісіб ауданы)

Алатау ауданы әкімшілігінің алдындағы алаң (Алатау ауданы)

9-10 тамыз

28-ші Панфиловшылар саябағы (Медеу ауданы)

Тұңғыш Президент саябағы (Бостандық ауданы)

«Family» саябағы (Әуезов ауданы)

23-24 тамыз

«Максима» ойын-сауық орталығының алдындағы алаң (Жетісу ауданы)

Сейфуллин атындағы саябақ (Түркісіб ауданы)

Алатау ауданы әкімшілігінің алдындағы алаң (Алатау ауданы).

Сүйікті Алматымыздағы думанды кештерге бірге ат салысайық, ағайын! "Арт-Алаңмен" бірге жаздың жайдарлы күндерінде кездескенше!

Дайындаған және суретке түсірген: Айгерім Сматуллаева

2104 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 маусым 2013, 13:08
Пікірлер
+0
15 маусым 2013, 11:42

Игі шара екен! «Массагет.кз жасасын!» :)

+0
15 маусым 2013, 12:55

арты-Алаң)

+0
15 маусым 2013, 16:41

Жақсы демалып қайтатын екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...