Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Бүгін – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Оқырман, бүгін өз отбасыңыздың тарихын есіңізге түсіріңіз. Онда әділетсіздік пен қуғындаудан жапа шеккендер бар болуы сөзсіз. Өйткені 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Он алты жыл бойы қазақ жұрты осы күнді ерекше құрметпен атап өтіп келеді.

Елімізде қуғын-сүргін құрбандарына арналған күн белгіленіп қана қоймай, түрлі жобалар жүргізілуде.  Мәселен, тәуелсіздік жылдары 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.

Ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне тү­сіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, ту­ған жерлерінен аяусыз айдалып, түр­мелерде жазықсыз көз жұмды. Бүгінгі жас ұрпақ үшін, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.

Суреттер:alashainasy.kz 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

17947 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 31 мамыр 2013, 11:56
Пікірлер
+0
31 мамыр 2013, 15:41

Нағашы бабам (атамның әкесі) репрессияға ұшыраған. Өзі медреседе қызмет қылған білімді әрі бақуатты болған деседі. Кейін ақталды, сол кезде "Кәмпескіленген дүние мен мал-мүлікті алып кетуге болады" деп хабар келіпті, бірақ, атам бас тартыпты: "Өзіне опа бермеген дүние-мүліктен бізге қайыр болмас" деп.
Кеше теледидардан естіп қалдым: "ХХ ғасырда Қазақтай қасірет шеккен әлемде бір ұлт жоқ!" Расында, көрер азаптың бәрін көрді ғой қазақ! Р. Әлқожа орындайтын әндегі мына сөздер құйқаңды шымырлатып, көңіліңді өсіреді: ҚАЙҒЫРМАС ЕНДІ ҚАЗАҚ "ЕЛІМ-АЙлап", ЖЕРЛЕГЕН ӘЛДЕҚАШАН ЗАРДЫ МҰҢҒА!

+0
31 мамыр 2013, 15:51

неге осы Массагет сайты Ардагерлерге тагзым кунин (9 мамыр) оте жаксы насихаттайды да, аштык жане репрессия курбандарына тагзым кунин мулде насихаттамайды? Алде цензура сиздерге де жеткен бе? Ондай болса окиништи...

+0
31 мамыр 2013, 17:02

Бүгін атам Мәлікаждар Құлмұханбетовты еске алатын күн...

+0
31 мамыр 2013, 17:13

Біздің де бір атамыз «Халық жауы» атанған, жай ғана қатарынан озық, көзі ашық, білімді де зиялы болғаны үшін. Көре алмайтындар аяғынан шалып, жала жауып, айдатып жіберген екен. Қателеспесем, Сәкен Сейфуллинмен айдауда бір жерде болған :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...