Халықаралық балаларды қорғау күні Алматыда өтетін шаралар

Халықаралық балаларды қорғау күні Алматыда өтетін шаралар

Халықаралық балаларды қорғау күні Оңтүстік астанамызда да тойланады. Ендеше, біз сіздерді 1 маусым күні Алматы шаһарында ұйымдастырылатын шаралармен таныстырмақпыз. 

1 маусым күні Абай алаңында халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты ауқымды мерекелік шара өтеді. Бұл жөнінде Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Шара барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаламыздың кішкентай бүлдіршіндерін төл мерекелерімен құттықтамақ.

Мұндай шаралар Алматы қаласының барлық аудандарында өтетін болады. 

1) Алатау айданы – «Domillion» сауда орталығы, сағат 11.00 — 14.00

2) Әуезов ауданы – «Фэмили» саябағы, сағат 10.00 — 14.00

3) Алмалы ауданы – Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар және жасөспірімдер театры, сағат 11.00 — 14.00

4) Бостандық ауданы – "Қиял әлемі" саябағы, сағат 11.00

5) Жетісу ауданы – «МАКСИМА» сауда, ойын-сауық орталығы, сағат 11:00

6) Айнабұлақ-3 ықшамауданы – сағат 11:00 

7) Мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға арналған шара Құлагер ықшамауданы, №148 мектеп гимназия, сағат 13:00

8) Медеу ауданы – 28 Панфиловшылар саябағы, "Шаттыққа толы жаз" фестивалі

8) Түркісіб ауданы – С. Сейфуллин атындағы саябақ,  сағат 11.00 — 15.00

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: ba.wikipedia.org

А. Әбілхан