Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / "Алаш айнасы" газетінің 1000-шы саны жарық көрді!

"Алаш айнасы" газетінің 1000-шы саны жарық көрді!

«Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газетінің 1000-шы саны шықты.

Айлық таралымы 200 мыңнан астам газеттің көздегені ақпаратты объективті бағалай отырып, оқырманның рухани сұранысын тың әдіс-тәсілдермен, ерекше көзқараспен қанағаттандыру болып табылады. 2009 жылдың 28 қаңтарынан бастап таралатын газет аптасына 5 рет шығады. Бүгінгі нарықтық экономика мен құбылмалы ой-пікірлер заманында нақты істер мен ұсыныстарды талап ететін қоғам үшін өзекті уәж айта алатын адамдардан «Дат!» сұхбаты алынады.

«Ой-көкпар» айдарында күннің екіұдай көзқарасы тартысқа түседі. «Білгім келген бір сұрақ» – қарапайым оқырманның білгісі келгеніне жауап. «Алашты алаңдатқан сауал» – көп қазақты толғантатын мәселеге қатысты қоғам мүшелерінің пікірін біліп, тығырықтан шығар жол іздеу. «Алаш баласы, айнаңа қара!» – газеттің ұраны. Қазірдің өзінде бұл газет күллі алаштың көңілінен шығып отыр.

Мәриям ӘБСАТТАР, «Өркениет» бөлімінің тілшісі: 

4 жыл – 1000 жас!

Бүгін міне... 4 жыл! Қазақтың "Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра" деген мақалы тап мына біздің басылымға сәйкес келетіндей: жасымыз 4-те болғанымен, санымыз 1000-ға жетті.

 

Бұл межеге апталық атаулы 19-20 жылда жетсе, айлық басылымдар тіпті жарты ғасырда жетеді-ау... Ендеше, біздің әрбір қызметкеріміздің 4 жыл емес, бүгіннің өзінде 20 жылдық тәжірибесі бар деген сөз. Шүкір. Бірақ бұл біздің айтар сөзіміз түгесілді деген сөз емес! Айнасына қарап отыратын алаш баласы барда, біз де бармыз! Тәңірім, 1000-шыға шабыт, миллионға қуат бере көргейсің өзің! Біздің жазарымыз Сіздің назарыңызда болсын, алаш оқырманы! 

 

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ, «Қоғам» бөлімінің тілшісі:

Қоғаммен үндестік бар

«Ой-көкпар» айдары "Алаш айнасы" газетінің тұрақты айдарларының бірі. Сол сәтте коғамның талқысына түсіп жатқан мәселе мамандар пікірімен талқыланып, артық-кем тұстары екшеліп, сарапқа салынады.

СТВ телеарнасымен бірігіп 2011 жылдың қараша айынан бастап, 2012 жылдың маусым айына дейін «Ой-көкпар» айдарының телевизиялық нұсқасы жарыққа шықты. Айта кетер жәйт, кейде «Ой-көкпар» айдарында талқыланған мәселелер парламент мәжілісінің отырыстарында қозғалып жататын кездері де болады.

Газетте жазылатын ресми материалдарды жеткізудің өзіндік тәсілін жасауда тым ресмиліктен басқа жолмен танылу көзделді. Ашылғалы бері Астана бюросында оның жетекшісі Айбын Бақытұлы және журналистер Қанат Тоқабаев, Арман Асқаров, Ақмарал Баязитова, Жарқын Жұмаділов жұмыс істейді.

 

Әзиз ОРАЗБАЕВ, газеттің спортқа арналған «Дода» бөлімінің тілшісі:

Жастар үшін пайдалы сабақ болды

Біздің басты ерекшелігіміз елімізде және әлемде болып жатқан спорт жаңалықтарының бәріне де тұрақты түрде көңіл бөлуімізде.

Осы уақытқа дейін «Талантты жазбай таныңыз», «Айтарым бар», «Спорт сөздік» секілді айдарлар жасадық. Осы жобалар өз миссиясын жақсы атқарды. Елдің көкейінде жүрген спортқа байланысты мәселелерін осы «Айтарым бар» айдары арқылы көтеріп отырдық. «Спорт сөздік» айдары жайлы айтар болсақ, журналистикадағы спортқа байланысты түрлі терминдердің дұрыс-бұрысын анықтауға сеп болды. Спорт тақырыбында қалам тербеп келе жатқан жастар үшін бұл айдар айтарлықтай пайдалы сабақ болды. Сонымен қатар, әртүрлі спорт федерацияларымен жақсы қарым-қатынаста болып, көптеген шет мемлекеттерге шығып тұрамыз. Спортқа байланысты көптеген ұсыныстарды талқылап, тіпті агенттіктердің өзі біз көтерген тақырыптар бойынша жұмыс жасаған кездері де болды.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ, фототілші:

Өмірі ұзақ болғай!

- Әне-міне дегенше газетімізге 4 жылдан астам уақыт зымырап өте шығыпты. Осы аралықта небір оқиғаларға, іс-шараларға куә болдық және де жаңалықтарды да дер кезінде оқырманымызға жеткізе білдік деп ойлаймын.

 

Жалпы газетіміз 8 беттен тұрады, әр бетінде орташа есеппен үлкенді-кішілі 4-5 сурет шығып отырған болса, онда 1000-шы санына дейін 40-50 мыңдай сурет жарияланды деп айтуға болады екен. Өз басым «Алаш айнасына» келгенде фотоаппаратпен және де басқа да керек жабдықтармен қамтамасыз етілдім, қазір барлығы да көңілімнен шығады. Осы уақытқа дейінгі 10 жылдан аса еңбек тәжірибемде басылымнан мұндай жақсылықты көрмеген едім. Газетіміздің өмірі ұзақ болғай!

 

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ, Астана бюросының тілшісі:

Өзіндік ерекшелігімен келді...

"Алаш айнасы" ақпараттық ортаға өзіндік ерекшелігімен келген газет. Бір ғана рубрикасының негізінде бүтіндей бір сайт жасап отърған азаматтар бар. СТВ арнасынан "Алаш айнасына" уақыт беріледі деген кезде бәріміз қосылып өз газетіміздегі

рубрикалардың негізінде бағдарлама жасау керек деуден әрі аса алмадық. Сол кезде басылымның ерекшелігін тағы бір мәрте көрдік. Осылайша "Ой-көкпар" айдарын телебағдарламаға айналдырдық. Салмақты хабар боп шыға алды деп ойлаймын.

2009 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі газетті «Жыл жаңалығы» деп тапса, 2011 жылы газеттің бас редакторы Серікбек Жанболат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхатымен марапатталды. Ұжымның үздік қызмет атқарғандығына осы өткен 4 жыл бойындағы көптеген марапаттары мен жетістіктері куә.

Сәкен НҰРҚАБЕКҰЛЫ, "Саяси бюро" бөлімінің тілшісі:

Қызықты статистика:

  • Кітап өлшемі бойынша есептесек, осы уақытқа дейін жарық көрген 1000 нөмірдегі материалдар 4 мың баспатабақты құрайды екен. Яғни әлемдегі ең қалың кітап ретінде Гиннеске тіркелген 5000 беттік Wikipedia кітабынан 16 данасы шығар еді.
 
  • Таралымы шамамен 10 мыңды құрайтын газетіміздің жалпы таралымы 10 миллионнан асып кетті.
  • «Алаш айнасы» газеті жиналған ақпараттар мен сараптамалық мақалаларды 100 айдар негізінде ұсынып отырады.
  • «Дат» айдары ел тізгінін ұстаған шенеуніктер, ат үстінде жүрген депутаттар, зиялы қауым өкілдері, кәсіби маман, білікті басшылар қауымы көкейде жүрген салиқалы да салмақты ой пікірлерін, тұжырымдарын халыққа жеткізетін мінберге айналды. Бұл айдар арқылы 1000 үлкен сұхбат жарық көрген екен.
  • «Алашты алаңдатқан сауал» айдары тап бүгінгі күні көпшіліктің көкейінде жүрген сауалға жауап іздейді. Дағдарыстардан шығарға жол іздеп, мәселенің түйінін тарқатады. Бұл айдар бойынша да ортаға 1000 сауал тасталған екен. Оған 3000-ға жуық сарапшы жауап берді.
  • Газетіміздің беткеұстар айдарына айналған «Ой-көкпар» қоғамдағы туындаған мәселелердің екіжақты қырын көрсетіп, оны шешудің екіжақты жолын нұсқайды. Бұл айдар бойынша да 1000 сауал көтерілді.
  • Газет ұжымы 63 адамнан тұрады. Бұл – пайғамбар жасына әрі Қазақстандағы зейнет жасына сай. Соның ішінде журналистер саны – 36. Бір қызығы, журналистердің орташа жасы да 36-ны құрайды.

P.S. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деп Міржақып Дулатұлы айтса, сондай мықты баспасөзге айналып, елдің айнасы болып отырған "Алаш айнасы" газетінің ұжымын Massaget.kz порталы 1000-шы санымен құттықтайды!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Нұрғиса Елеубеков

6150 9
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 30 мамыр 2013, 12:22
Пікірлер
+0
30 мамыр 2013, 08:49

Құтты болсын! Алаштықтар жасасын!

+0
30 мамыр 2013, 08:49

Құтты болсын, "Алаш айнасы!" Маңдай термен келген 1000-шы сан құтты болсын!!! :) Оқырмандарыңыз көбейсін!

+0
30 мамыр 2013, 10:48

Аға дескен інілік ілтипат бізден! Сіздердің жолды берсін бізге! Мыңыншы сан құтты болсын! ;)

+0
30 мамыр 2013, 10:50

Құтты болсын! "Алаш айнасы" шынымен өте қызықты газет. Сараптамалық, ақпараттық мақалалардың жеткізілуі де оңай, әрі оқуға жеңіл. Осы қарқыннан таймаңыздар!

+0
30 мамыр 2013, 11:50

Құтты болсын! Барлықтарыңызға үлкен жетістіктер тілеймін! Өзіме «Білгім келген бір сұрақ» айдары қатты ұнайды)

+0
30 мамыр 2013, 13:20

Жасай бер, Алаштың айнасы

+0
30 мамыр 2013, 14:39

Құтты болсыын! Әлі 10000-шы саны жарық көрді деп сүйіншілеуді тілеймін)

+0
30 мамыр 2013, 17:03

Құттықтаймын!!!

+0
30 мамыр 2013, 23:03

Құтты болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...