"Эйр Астана" әлемнің ең үздік 20 әуекомпаниясының қатарына кірді

"Эйр Астана" әлемнің ең үздік 20 әуекомпаниясының қатарына кірді

Қазақстан ұлттық әуетасымалдаушы "Эйр Астана" компаниясы әлемнің ең үздік 20 әуекомпаниясының қатарына кірді. Рейтингті құрастырып және оны жариялаған Business Insider бизнес-баспасы. 

Осылайша, "Эйр Астана" тізімде Oman Air жол берсе де, Lufthansa және Etihad Airlines компанияларын артқа тастап, 18-орынға тұрақтады.

Басылым әуекомпанияны бір ай бойына келесі критерилер бойынша бағалады: "Біз баға сегментіне мән бере отырып, тек үздіктердің үздігін ғана таңдап алдық. Одан бөлек, біз жолаушыларға арналған екі негізгі критериге мән бердік: жолаушылардың сапардан алған әсері және тазалық",-деп түсінік берді басылым.

Негізгі критерилерден бөлек, басылым Skytrax рейтингісінің негізінде орындықтардың ыңғайлығы, салон тазалығы, борттағы көңіл көтеру, тағам сапасы сияқты жағдайларға да мән берген. Осылайша, "Эйр Астана" жолаушыларының компанияға көңілі әбден толған (100 ұпайдан 74). Ыңғайлығы бойынша - 82 баллға ие болды.    

1

Айта кетейік, ТОП-20 бірінші орынды Singapore Airlines иеленді. Одан кейін, Virgin America және Malaysia Airlines орналасқан. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: blogos.kz, blog.kupibilet.ru

Б. Қосмағамбет