Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Шымкент. Шырайлы Шымқала

Шымкент. Шырайлы Шымқала

Шымкент. Шырайлы Шымқала

Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды.

Халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл республика бойынша үшінші орында. Алайда, бейресми мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында халық саны әлдеқайда көп. Себебі, қалада алыс-жақын шетелден келген, тіркеуден өтпеген мигранттар тұрады.

Шымкент қаласы – қазақ елінің сауда, мәдениет, өнеркәсіп орталықтарының бірі. Қалада қазақ, славян, өзбек, татар, неміс, еврей, корей, поляк, башқұрт, әзірбайжан т.с.с. 19 ұлттың мәдениет орталықтары жұмыс істейді.

Қаланың көрікті мекендерінің бірі - орталық саябақтар. Үш саябақ 19-ғасырда салынған. Бір саябақ Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония аясында орналасқан. Сондай-ақ, Абай атындағы демалыс және мәдениет саябағы, «Кең-баба» этнография саябағы, Дендро саябақ, зообақ, ипподром, «MegaCenter» ойын-сауық және сауда кешені, «Nimex Land», «Бамзик» ойын-сауық орталықтары қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысы үшін үздіксіз қызмет көрсетеді.


Өнерсүйер қауым үшін Орыс Драма театрының есігі ашық. Театр сахналарында қазақ және шетел классиктерінің шығармаларының желісімен қойылған спектакльдер көрсетіледі.

2011 жылы  Шымкент қаласында 353 өндірістік кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде 74 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорын, 243 шағын кәсіпорын, 36 қосалқы кәсіпорын. Қалада көлік жасау, химия, кен өндіру, тағам т.б. өнеркәсіп орындары қарқынды даму үстінде.

Шымкент қаласының атауы қайдан шыққан?

Шымкент қаласы атауының шығу тарихы мен оның мағынасы әлі күнге дейін белгісіз. Бұл жұмбақтың жауабын белгілі зерттеуші-ғалымдар таба алмаған. Біреулер қала атауы «қала-бақ», «жасыл қала» десе, біреулер «жердің бет қабатымен қапталған қала» дейді. «Шым» сөзі жердің беткі қабаты, шымды қыртысы, ал «кент» қала, шаһар деген мағына береді. Кейбір зерттеуші-ғалымдардың пайымдауынша, «Шымкент» сөзі көне шығыс тілінен шыққан. Шығыс тіліндергі «чиминь» («чемень») деген сөздер «жасыл алқап», «көк жайлау» деген мағына береді.


1914 жылы Қазақ елінің Ресейдің құрамына енуінің 50 жылдық мерейтойы құрметіне орай, Шымкент қаласының атауы Черняев болып өзгертілген. Бірақ та, көп ұзамай 1921 жылы қалаға өз атауы қайта берілді.

2011 жылдың тамыз айында Шымкент қаласы үздіктердің қатарынан көрінді. Халықаралық ірі қалалар мен астаналар ассамблеясы Шымкент қаласының басшылығына III халықаралық байқауының арнайы дипломымен марапаттап, «ТМД және ЕврАзЭС қалаларының ішіндегі ең үздік қала» атағына лайық деп таныды.

Суреттер:silktour.kz, kt.kz 

41333 34
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 20 наурыз 2012, 12:00
Пікірлер
+1
20 наурыз 2012, 15:59

Сүйем сени Шымкеееееет. Алматыдан кейинги маган катты унайтын қала ол Шымкент. Адамдары жылы, қонақжай халқына не жетсин!!!Жастары ше?Ширкинай қайнап тұрған жастары ардайым қозғалыс, қимылда жүреді.Сүйем сени Шымкент Шымкент Шымкент

-2
20 наурыз 2012, 16:22

Шешеден боқтайтындар қаласы! Құдды шешелерін сыйламайтындй көрінеді. Сосон осы Шымкентке барсаң өңкей ӨЗБЕКтер толып жүреді. Қазақтар қайда, тіпті базарларын өзбектерге сатып жіберген гой бұл шымкенттіктер!

+2
20 наурыз 2012, 17:28

Сол шешеден боқтайтындар және де өзбектер сен сияқты біреудің атын жамылған қорқақтардан әлдеқайда жақсы!

+0
20 наурыз 2012, 18:38

Қажеке өзіңіздің туған қарындасыңыз осы 7сайдың келіні емес пе? Не дедіңіз

+0
20 наурыз 2012, 16:43

щщщ...)))

+1
20 наурыз 2012, 17:52

Қарап отырсақ, достар, Шымкент ең тамаша қала!!! Осы Шымкеттіктер деп жатасыздар? Ал "Жақсылар өздерін жақсымыз деп мақтамайды, жамандар жақсымыз деп айқай салады" деген сөз барғой Шымкентті мақтасамда жарасады, алайда жамандайтындарға дтым бар! Қазаққа жерінің әрбір тасы ыстық әрі қымбат емеспе? Неге бір жерде тұрып өз елінің қаласын, мейлі қаланы қоя тұралық халқын жамандап жатырсыз оу Амантай Қажы!

+0
20 наурыз 2012, 17:53

Мәке ол кісіге мән бермеңіз. Ол кісіні жеңгіңіз келсе - емі сол. Ол кісі бақсы ғой!!!

+0
20 наурыз 2012, 17:52

жәнім Шымкеееееееееееееент!

+0
20 наурыз 2012, 17:53

кешіріңіздер қате кетіп қалыпты датым бар деген сөзімде!

+0
20 наурыз 2012, 17:55

Шымкенттіктер көп екен ))))))))) Айналайын Шымкент, мен де сені жақсы көремін ))

+0
20 наурыз 2012, 18:00

Көп-көп Шымкенттіктер, ал Шымкентте Жетісайлықтар көп))))))

+0
20 наурыз 2012, 18:06

уау! 7сай мұнда, мұнда))

+0
20 наурыз 2012, 18:01

в Шымкенте идет боксерский матч. Боксер перед ударом "Мя шешен! Мя шешен!" второй "Ай шешен! Ай шешен!" Зрители "О шешен!!! О шешен!!!"

+0
20 наурыз 2012, 18:02

5 саусақ бірдей емес!!!

+0
20 наурыз 2012, 18:09

Шымкентті жақсы көрем, арзан такси үшін

+0
20 наурыз 2012, 18:54

арзан самса үшін)

+0
21 наурыз 2012, 01:21

арзан шашлык үшін :D

+0
20 наурыз 2012, 22:30

Шымқала туралы мақаланың асты шырылдап кетіпті ғой :lol:

+0
21 наурыз 2012, 00:43

Шытамкент маған да ұнайды. Әсіресе Шымкент , Ленгер, Түркістан қалалары. Басқа жағына барып көрмедім.

+0
21 наурыз 2012, 14:58

Шымкент жеп жазған сияқты едім, Шытамкент болып кетіпті ғой! :lol:

+0
21 наурыз 2012, 14:59

маған не болған?! :roll: деп дегенді жеп деп жазып. :lol:

+0
21 наурыз 2012, 16:32

Toptasym san marte shakyrgan, birak baruga korkamyn......))

+0
24 наурыз 2012, 01:09

Шымкент керемет кала!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! соз жок!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
26 наурыз 2012, 09:09

Осы қазақ қыздары неге шымкенттіктерге тұрмысқа шыға береді? :evil: :twisted: :evil: :evil: :evil: :evil: :evil: :evil:

+0
26 наурыз 2012, 09:13

Шетелге шыққанша, Шымкентке шыққаны жақсы емес пе, ата?! :)

+0
26 наурыз 2012, 09:37

Оданда маған неге шықпайды? а? :evil: :evil: :evil: :evil: :evil:

+0
26 наурыз 2012, 09:39

Шымкееееент мен сені сүйеееееем :D Кім қалай деседе өз қаламды сүйемін, және не айтсада "ммм, сіздікі дұрыс" дейтін болдық қой )) Шымкентті әжептеуір мақтапсыздар рахмет, астындағы даттағандар: "Сіздердікі дұрыс! Дұрыс болмасада сіздердікі дұрыс бола салсыншы )))" :lol: және ондағы тұрғындарға тіл тигізудің қажеті шамалы........

+0
26 наурыз 2012, 09:44

Сонда шындықты айтуға болмай ма? Біз демократиялы және азаматтық қоғамда өмір сұріп жатқан жоқпыз ба? :ugeek:

+0
26 наурыз 2012, 09:45

Сіздікі дұрыс дедім ғой енді........................ :geek:

+0
31 наурыз 2012, 18:40

адеми кала

+0
02 сәуір 2012, 16:13

Шымкентті жамандауды қояйықшы енді :evil:

+0
29 қазан 2013, 00:28

Мен өз қаламы өте жақсы көремін. Өйткені, мен осы жерде дүниеге келіп, өсіп келе жатырмын. Кім не айтса да өз қаламды жақсы көремін, мақтан тұтамын. Біреулер бостан айтқанша , жүрегімен әркім өз қаласын жанындай , намысындай сақтасын. Неге қаламызды жамандайды? Неге, түсінбеймін? Барлығымыз бір елденбіз. Әрқайсысымыз бір-бірімізге көмектесудің орнына , еліміздегі бір аймақтарды жамандаймыз. Мен сіздерден 2 есе кіші болғанмен бұл дұрыс еместігін түсініп тұрмын. Осылай ша біз бөлініп кеткенбіз, өзімізді бір халық деп сезбейміз. Бірге болсақ ,қай шыңға болса да көтеріле алатын едік.

+1
16 ақпан 2015, 11:04

Бүкіл Қазақстанның жүрегі Шымкент.Нұқ пайғамбардың кемесі осы Шымкентте Қазығұр тауының басына тоқтап адамзат осы жерден тараған.Енді келіп,сол шықан жерлерің Шымкентті жамандап отыр кейбір ақылы саяздар.Астананы да салып,көркейтіп,ары қарай дамытып отырған осы Оңтүстіктің азаматтары ғой.
Кез келген Қазақтың да басқа ұлттардың да шежіресі Шымкенттегі Қазығұрттан басталады.

+0
29 қыркүйек, 21:28

Амантай Қажы жасыңызға жарасатын сөз айтсаңызшы. Ұялмайсыз ба үлкен жасыңызбен ұлтшылдыққа барып үлкен əріппен өзбектер деп жазып көзге ілмеуге менің ұлтымды? Демократия дейсіз бе? Иə демократия. Алайда барлық ұлттар өзара тең екенін ұмытпаңыз. ПОЗОР ВАМ АМАНТАЙ ҚАЖЫ!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...