"FG invest" 7 жылдығын атап өтті

"FG invest" 7 жылдығын атап өтті

18 мамыр күні Қазақстандағы тұңғыш халықаралық-ақпараттық "FG invest"  компаниясы өзінің 7 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Сұлулық, денсаулық, байлық деген құныдылықтарды басты назарға алған "FG invest" 2005 жылы құрылған болатын. Өз денсаулығын ойлайтын азаматтарға жеті жыл бойы қызмет етіп келе жатқан ұжымның құрамында бүгінде еліміздің 33 аймағынан 44549 адам бар екен. Ең алғашқы қадамын Қызылорда облысынан бастаған "FG invest" бүгінде халықақарлық деңгейден көрініп жүр. Атап айтар болсақ, Қырғызстан, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Белорусия сынды мемлекеттермен бірлесе жұмыс жасауда.

Ауқымды шарада алғашқы сөзді алған компания президенттері Әнуарбеков Мақсат Ырысбекұлы мен Мырзабеков Ақзат Азатұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады. Компанияның жетістікке жету жолындағы қиындықтары мен қызықтарын бөлісті. М. Ырысбекұлы: "Бүгінгі жетіжылдық мерейтой - біздің ең бақытты күніміз. Сіздердің чектеріңіз мен автокөліктеріңізді тапсырып, қолдарыңызды қысу - біздің ең бақытты күніміз" деді. Кеш барысында компанияның үздік серіктестеріне бағалы сыйлықтар тапсырылып, жаңадан қосылған азаматтардың тілектері тындалды.

"FG invest"компаниясын мерекесімен құттықтауға келген "Де-нар" тобы, "Гүлдер" би ансамблі, Гауһар Қаспақова, Мақпал Жүнісова, Жазира мен Жанболат сынды өнер жұлдыздары өз өнерлерін паш етті.

Суреттер:fginvest.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева