Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Бүгін – мереке. Мереке болғанда да, ауыз толтырып айтарлықтай мерейлі мереке. Бүгін – 7 мамыр Отан қорғаушылар күні. Осы мерекенің тарихынан хабардар бола отырайық.

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Бұдан кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшу үшін қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 

Келесі жылы, яғни, 1992 жылдың 7 мамырында Президент Н.Ә.Назарбаев Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлық негізінде, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз қолына алды. 

Президенттен басқа, қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағанбетов тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне байланысты, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.

Осы күні Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаев әскери саладағы үздіктерді марапаттап, әскери атақтар тағайындайды.

Елімізде әскери реформаның концепциясы жасалып, қорғаныс саласының түрлі сұрақтарын қамтыған әскери құрылымның мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. 

2012 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті мейрамдарға арналған заңды қайта қарап, 7 мамырды мемлекеттік мереке деп таныды. Заңға сәйкес, 7 мамыр демалыс күні болып бекітілді. 

Отан қорғаушыларды мерейлі мерекемен құттықтаймыз! Отанымыздың тірегі болар азаматтарға мықты денсаулық тілейміз!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: bimmer.yvision.kz, korrespondent.net

7760 2
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 07 мамыр 2013, 10:08
Пікірлер
+0
07 мамыр 2013, 09:48

әскерде борышты өтемегендіктен мына құттықтауға рахмет деп айтуға ыңғайсызданып отырмын, кеше көп қыздан осыны естідім. Әй, қыздар-ай...

+0
07 мамыр 2013, 16:38

еліне қорған болар айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...