Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алматыда кезекті рет "Домбыра Пати" өтті

Алматыда кезекті рет "Домбыра Пати" өтті

Алматыда кезекті рет

Кеше, бейсенбінің кешінде Алматы жастары Арбат жаққа қарай ағылды. Өйткені онда оларды таза қазақи орта күтті. Нағыз қазақ – домыбыраның құлағында ойнайтындар мен өнерсүйер жастар жиналған "Домбыра Пати" жоғары деңгейде өтті деуге әбден болады. Еліміздің әр облысында ұйымдастырылып жатқан бұл шараны алматылықтар алғаш рет өткізіп тұрған жоқ. Осыған дейін де домбырасын иығына іліп, шаһарды әнмен тербеген өнерлі жастар бірнеше рет бас қосқан болатын. Бұл кеш – соның жалғасы. Кешкі сағат 19.00-ден кешігіп барған біздерді Нұрлан Жанай, Данияр Жаныс, Назгүл Қожабекова, Ая Өміртай сынды фейсбук белсенділері күтіп алды. Атышулы шараға алғаш жиналған жастарды суретке түсіріп алдық. 

Ән қуып келген жастар адасып қалмай, ортасын оңай тапсын деген оймен Данияр Жаныс дәл ортада домбырамен ерекшеленіп тұрды.

Көпшілік жиналғанша домбыра шертіп отырған Назгүл Қожабекова өткен-кеткеннің құлағына жағып, көңілін оятатын ән бастады. 

Одан соң, домбыраны ҚазҰУ-дың студенттерін жанына ертіп келген, жас айтыскер ақын Манас Қайыртайұлы алды.

 

Артынша думанды топқа Марфуға Шапиян құрбыларымен келіп қосылды. 

Орта толып, көпшілік көбейген шақта Назгүл бұл жиылыстың мәнін түсіндіріп, шараның шымылдығын ашты. 

Фотографтар қатарын көбейткен Елдар Құдайбергенов кештің тамаша сәттерін кадрдан тыс қалдырған жоқ. 

Арбатта қайнаған өнер ортасына біз де еніп, көптен күткен көңілді жиынды бастап кеттік. Даладан сахна сайлап, Манасты ортаға шығардық. 

Домбыра Патиден Ербол Алиасқарұлы онлайн-трансляция жасады. 

Кезек - қонақкәдеде...

Жастардың жалынды үндері көпті шақырып, ортамыз кішкентай көрермендермен толды. 

Жастар Арбатты әнге бөлеп, Шәмшінің әндерінен қайырып отырды. 

Сұлудың да қарай-қарай сәні кетер, 

Сағыздың да шайнай-шайнай дәмі кетер.

Бұл жерде Манас өлең айта берсе, 

Көрерменнің бірі қалмай, бәрі кетер.

Сондықтан да жырымды аяқтайын, 

Айта берсем, сөзімнің мәні кетер, - деп кешті қорытындылады Манас Қайыртайұлы. 

Кеш соңына тақаған тұста жастар бір-бірімен қоштаспады, жай ғана "Келесі кездескенше!" деп тарасты. Өйткені "Домбыра Пати" мұнан кейін де жалғасын табатын болады.

Келесі бейсенбі, яғни 9 мамыр күні Арбатта кездескенше, достар!

Дайындаған және суреттерді түсірген: Ақерке Әбілхан

2866 0
Рейтинг: +7

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 03 мамыр 2013, 16:32
Пікірлер
+0
03 мамыр 2013, 14:42

Пах, шіркін! Назгүл мен Манасқа үлкен алғыс!

+0
03 мамыр 2013, 14:49

Манаспен мақтанамын ғой, аха Манас :D

+0
03 мамыр 2013, 14:56

"Атышулы шара" деген біртүрлі сияқТ:)

+0
03 мамыр 2013, 14:57

аты шулы емес па не :)

+0
03 мамыр 2013, 15:05

Ая үлкеен қыз боп кетіпті ғүӘ ))

+0
03 мамыр 2013, 15:09

Ая деген қыз әдемі екен

+0
03 мамыр 2013, 15:10

Домбыра пати жақсы өткен сияқты. Шараны ұымдастырушылардан өтініш келесі Домбыра патиды 10ы күні өткізсек. Себебі 9 күні Студенттер сараында "Айтыс" болады. Кешегі домбыра патиге бара алмадық өкінішке орай, енді тағы қалып қалсақ...

+0
03 мамыр 2013, 17:23

Аяға жауап: Аха

+0
03 мамыр 2013, 17:45

Ақерке бұл өте дұрыс шара екен,мен де бұны Ақтөбеде ұйымдастырғым келед,звонда

+0
03 мамыр 2013, 21:55

Онлайн режимде көрдім патиді. Онда мен Манасты Амангелдімен шатасытырып жүрмін ғой. :)

+0
03 мамыр 2013, 23:53

Жақсы, келесіде мен де баруға тырысам)

+0
04 мамыр 2013, 10:55

Бара алмай қалдым, қап.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...