Медеуде 2,5 мың ағаш егілді

Медеуде 2,5 мың ағаш егілді

Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Медеу» шатқалын жасылдандыру акциясы болып өтті. Бұл туралы Today.kz хабарлады.

Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов те келіп қатысты. "Орын алған табиғи апаттан кейін қала тұрғындары мен меценаттардың арқасында «Медеу» шатқалын қалпына келтіру мақсатында «Жаңа Алатау» қорына 160 миллион теңге ақша жиналды. Қаржының бір бөлігі күзде қар көшкінін тоқтатуға арналған қондырғылар орнату үшін пайдаланылды. Ал қалған ақша осындай ағаш егу акцияларына жұмсалып жатыр", - деді әкім.

ол

ро

Айта кетелік, игі шараға Еуразиялық банкі 5 миллион теңге бөлді.

Бір күннің ішінде акцияға қатысушылар 42 телімде барлығы 2,5 мың Тянь-Шань шыршасын екті. Жоспар бойынша, жыл аяғына ұзын-саны 8 000 ағаш егіледі деп жоспарлануда: Көктемде 4 мың және күзде 4 мың.

Естеріңізге сала кетелік, 2011 жылғы дауылдың себебінен «Медеу» паркінің территориясындағы 10 000-нан астам ағаш құлаған болатын. Ал 2012 жылы «Мохнатка» тауының етегінде үлкен өрт шығып, 16 гектар орман өртеніп кеткен еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: today.kz

Massaget