Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Сұңғыла тамыры оңтүстік өңірді қарық қылуда

Сұңғыла тамыры оңтүстік өңірді қарық қылуда

Сұңғыла тамыры оңтүстік өңірді қарық қылуда

Оңтүстік өңірде сұңғыла өсімдігінің тамыры жергілікті халықтың қалтасын қампайтуда.

Нақтырақ айтсақ, Бетпақдала мен Мойынқұм құмында көктем мезгілінде өсетін өсімдіктің 1 келісін жергілікті жұрт 110 теңге бағамен өткізіп жатыр.

Халықтың айтуынша, бұл өсімдіктің тамырын Қытайдан келген азаматтар сатып алып, кейін оны өзімізге дәрі етіп сатады екен. Сұңғыла – Қытай, Тибет медицинасында бауыр ауруларын емдеуге таптырмас дәрілік шөп. Қауын арасында өсетін арамшөпті сұңғыла деп атайды. Бірақ сұңғыла – қауынсыз да өзіне қолайлы жерлерде өз бетінше өсе беретін өсімдік. Ол өзі өсіп тұрған жердегі жемістерді, көкөністерді дәмсіздендіріп тастайды. Себебі өсімдіктердің бар нәрін өз бойына жинап алады. Сұңғыла аталуы да сондықтан.

2006 жылы бұл өсімдіктің тамыры 15 теңгеге бағаланған екен.

Сұңғыла өсімдігінің тамырын сатудың үш бірдей пайдасы бары анықталған:

Біріншіден, дәрілік құралдарды шығарып, түрлі ауруларға ұшыраған адамдарға көмек.

Екіншіден, танаптарда өсетін жабайы өсімдіктер қатарында біздің айтып отырған сұңғыла шөбі де бар болғандықтан және 40-30 жылда бір тұқымдайтын сексеуіл ағашының тамырындағы нәрмен қоректенетіндіктен, оның жаппай қазылып алынуы жергілікті алқапқа пайда әкеліп отыр.

Үшіншіден, белгілі жәй – жергілікті халық бұл өсімдіктің тамырын қазып алып, тиісті орындарға апарып сату арқылы пайда табады. Шамамен есептегенде, ересек адам күніне 50 келіден астам тамыр қазып ала алады-мыс.     

Аптап ыстықта бүр жарып тұрған гүлге таңғалмаңыз, себебі шөл даланың берік ағашы сексеуілдің тереңге кетіп, құм суынан нәр алып жатқан тамырына сұңғыланың тамыры жармасып, нәр сорады. Сондықтан да өсімдіктің дәл осылай құлпыра алатын қасиеті бар.

Борпылдақ құмнан оның тамырын қазып алу аса қиындық тудырмайды. Тек тамырын бүлдіріп алмасаңыз болды, өйткені орта жолда кесілген тамырды құм ішінен қайта тауып қазу уақытыңыз бен артық күшіңізді талап ететін болады. 

1-2 метрге дейін тереңге бойлаған тамыр қолыңызға тигенде, салқындық сезіледі, ал тамыр бойын қысып қалсаңыз, су дымқылдығын сезесіз.

Арнайы репортажымыз үшін қазылған бір келіге жуық тамыр жол бойында қап ішін сулады. 

Әдемі гүлдердің жол үстінде осылай шашылып жатқаны аянышты болса да, жоғарыда аталған үш пайда ойымызды бәсеңдетті.

Дайындаған және суретке түсірген: Ардақ Құлтай

15821 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 25 сәуір 2013, 13:50
Пікірлер
+0
25 сәуір 2013, 13:57

қызық, тіпті мынаның не екенін де білмеппін

+0
25 сәуір 2013, 13:57

Ареке, Мойынқұм халқының басты табыс көзі болады-ау мынау жақында

+0
25 сәуір 2013, 15:33

Көрген сияқтымын бұл өсімдікті

+0
26 сәуір 2013, 22:15

Өткен жазда менің бақшамда өскен гүлдер ғой ,жапырақсыз қандай гүл деп қазып көргем :o

+0
06 мамыр 2014, 22:07

Мен Мойынқұм ауылының тумасымын ))),яғни бұл жұмыс көктем мезгілінде бәрімізге қолайлы табыс көзі ,)мен бүгін дәлірек айтсам 06.05.2014ж 1 күнде 50 келі тамыр (сұңғыла) тердім))))150 тенгеден өткіздім 7500 тенге таптыммм))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...