Бірер минуттан соң, ғарышқа тышқан ұшады

Бірер минуттан соң, ғарышқа тышқан ұшады

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа моңғол тышқандары, геккондар, цихлид балықтар, сонымен қатар, түрлі микроағзалар, өсімдіктер, қолдан жасалған метеориттер ұшады. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының медбиологиялық институтының ғылыми қызметкері Евгений Ильин айтты.

"Бион-1М" спутнигі "Союз-2.1а" зымыран-тасығышы арқылы Байқоңыр ғарыш айлағынан бүгін (2013 жылдың 19 сәуірінде - Массагет) Мәскеу уақыты бойынша 14.00-де (Астана уақытымен 16.00) ұшырылады", - деді.

Тірі ағзалар жер бетіне бір айдан кейін оралады. 

Массагет оқырмандарды бұл туралы хабардар етіп отыратын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: news.vse42.ru

Massaget