Тарихтағы ең қуатты магниттік толқулар

Тарихтағы ең қуатты магниттік толқулар
Фото: pixabay.com

Жерде басталған магнит толқу орбитадағы Жер серіктеріне қауіп төндіріп тұр. Massaget осы күнге дейін болған ең күшті әрі қауіпті магнит толқуларын еске түсіріп көрді.

Күні кеше Жерде басталған магнит толқуы тек біздің ғаламшарымызға ғана емес, жер төңірегіндегілерге де қауіп төндіруде. Үшінші деңгейлі магнит толқуы Жердегі техникалармен қоса орбитадағы аппараттарға ықпал етіп, тіпті, олардың құлауына әсер ете алады.

Соңғы жылдардағы ең қуатты магнит толқуы 14 мамыр күні басталды. Бұл құбылыстың кешке дейін белсенді болып, тек түнге қарай қуаттылығын жоғалтты. Бес баллды шкала бойынша үшінші дәрежелі магнит толқуы он-жиырма жылда бір қайталанып, полярлы шұғыланы құрып, радиобайланысқа кедергі келтіреді. Мұндай кезде метеорологиялық сезімтал адамдарға аса сақ болу қажет.

Магнит толқуы - күннің жарқылынан кейін орын алады. Әдетте күн жарқылы бірнеше минуттан аспайды, алайда бұл уақытта күн тротильді эквивалентте миллард мегатоннды құрайтындай қуатты босата алады. Күн жарқылының алғашқы фотондары Жерге 8,5 минутта жетеді, ал одан кейін ондаған минуттар бойы қуатталған бөлшектердің ағыны келіп түседі. Тек араға екі-үш күн салып күн жарқылының плазма бұлттары Жерге беттейді. Бұл плазма бұлттары Жердің геомагнитті өрісінің толқуына әкеп соқтырады. Ал толқулар өз кезегінде адамзаттың көптеген ісіне кедергі келтіріп, радиобайланысты әлсіретеді. Оған қоса ғарыш кемелерінің навигация жүйесінде проблемалар пайда болады.

Тарихта адамзат өркениетіне елеулі әсер өткен геомагниттік толқулар көп болған.

Мысалы, 1989 жылы наурыз айында болған магнит толқуының салдарынан Канада еліндегі электр жүйесінің басым көпшілігі істен шыққан. Шығын $13,2 миллионды құрады. Ал 2003 жылдың қарашасындағы X45 дәрежелі күн жарқылы Швециядағы электр қуатын бірнеше сағатта істен шығарды. Бұдан бөлек, АСЕ обсерваториясына айтарлықтай зақым келіп, SOHO күн зонды уақытта "көрмей" қалды.

Қағазға түсірілген ең қуатты магниттің толқу 1859 жылы тіркелген екен. "Кэррингтон оқиғасы" аталып кеткен магниттік толқу 1 қыркүйек күні болған. Британиялық астроном Ричард Кэррингто Күнде қуатты жарқылдың болғанын байқайды, осыдан кейін бір күннен соң бүкіл Еуропа мен Солтүстік Америкадағы барлық телеграф жүйесі істен шығып қалады.

Солтүстік шұғылалар, тіпті, Кариб теңізінен көрінген.

Шұғыланың жарық болғаны соншалық Солтүстік Америкадағы Жартасты тауда алтын іздеушілер түннің бір уақытында таң атты деп ойлап, жұмыстарына кірісіп кеткен.

Бұл жарқыл динозаврлардың қырылуына әкеп соқтырған метеориттікінен 20 есе көп қуат бөлген. Ғалымдар мұндай оқиғаның қайталануын 12%-ға теңейді. Сол себепті қазіргі таңда тарихшылар, астрономдар мен физиктер Жер тарихында болған ең қуатты екі жарқылдың іздерін тауып, олардың салдарын анықтауға тырысып келеді.

Зерттеуге сәйкес, 2679 жыл бұрын болған ірі күн жарқылының қуаттылығы қазіргі таңдағы бүкіл технологиялар мен байланыс, навигацияны оңай істен шығаратын еді.

Қалай қорғануға болады?

Жер бетіндегі тұрғындардың жартысынан көбі магнит өрісінің ауытқып, толқығанын сезеді. Олардың ішіндегі 10%-ы жастар. Магнит өрісі ауытқыған кезде адам ағзасындағы жүрек-қан тамыр жүйелерінің жұмысы нашарлайды. Сол себепті бұрыннан жүрек-қан тамыр жүйесінде ақауы бар адамдар өз денсаулықтарына аса ұқыптылықпен қарағаны жөн. Сонымен қатар, мұндай күндері қан қоюлануға бейімделіп, газ алмасу төмендеп, қан қысымы көтеріледі.

Магнит өрісінің ауытқу кезеңінде ішкі антиоксидант және стресті жағдайлардың тұрақтылығына жауап беретін табиғи күшті меланин жасайтын гормон төмендейді. Демек ағзадағы күйзелістің тұрақтылығы төмендейді.

Психикасы және вегетативтік жүйесі тұрақсыз адамдарда магнит өрісінің ауытқитын күндері басы айналып, жүйкесі сыр береді.

Магнит өрісінің ауытқып, толқыған күндері дені сау адамдар күтінудің тәртібін біле жүргені артық болмайды. Ең бастысы, мұндай күндерде физикалық күшті азайтып, психосезімталдық жағдайды жақсартатын препараттар қабылдап, көп мөлшерде көк шай ішу керек. Себебі көк шай табиғи антиоксидант мөлшерін арттырады. Сонымен қатар мұндай күнге икемделсе, ағза өзі көңіл-күйді көтеретін гормондарды реттеп, жүрек-қан тамыр жүйесін жақсартады.

Көктем мезгілінде суды шамамен 2 литрдей ішкен жөн. Сонда қанның тұрақтылығы төмендеп, қан-тамыр жұмысын жақсартады. Сонымен қатар кофе мен қара шайды көп тұтынбаған абзал. Жүйкені тыныштандыратын дәрмектерді назардан тыс қалдырмай, созылмалы жүрек ауруымен ауыратын науқастар иін маңындағы күшті азайту керек. Ал қозғалыс күшін көбейтіп, жаймен жүгіру – жүрек-қан тамыр жүйесіне өте жақсы жаттығу болады.

А. Рысдәулет