Гарри ханзада мен Меган Маркл Гиннес рекордын жаңартты

Гарри ханзада мен Меган Маркл Гиннес рекордын жаңартты
Фото: justgohealthy.com

Гарри ханзада мен Меган Маркл өз жанкүйерлерін таңқалдырудан шаршамайды. Корольдік жұп 2 сәуір күні Instagram желісінен @sussexroyal деп аталатын ресми жеке парақшаларын ашқан болатын. Бұл аккаунтпен Меганнің өзі айналысып, жарияланатын контентті өзі жеке іріктейді делінген. Меган Маркл Гарриге күйеуге шығарда әлеуметтік желілердегі барлық парақшаларын өшіріп тастаған болатын.

Бұл жаңалық әлемге тез тарап, олардың аккаунтына барлық жанкүйерлері мен жұптың жұлдызды достары жазыла бастады. Парақшаға 6 сағаттан аз уақыт ішінде (5 сағат 45 минут) миллионнан аса адам жазылды – бұл Гиннестің жаңа рекорды. Бұл туралы ресми хабарламаны Guinness World Records Twitter-дегі парақшасына жариялады.

Бұған дейін рекорд K-Pop орындаушы Канга Даниэльде (ол өз миллионын 11 сағат 36 минутта жинады) болатын.

Гарри ханзада мен Меган Маркл жеке парақша ашқаннан кейін корольдік ортақ парақшада – @KensingtonRoyal – бірқатар өзгерістер байқалды: парақшаның басты суреті ауысты. "Керемет төрттіктің" орнына Уильям мен Кейттің балаларымен түскен суреті қойылды. Парақшадағы жазу да өзгерді, енді бұл Кейт пен Уильямнің жеке парақшасы болмақ.

А. Жапатова