Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Жапонияда үйлер тегін беріле бастады

Жапонияда үйлер тегін беріле бастады

Жапонияда үйлер тегін беріле бастады

Өткен жылдың соңында Жапония үкіметі жылжымайтын мүлік бойынша жаңа бағдарлама жариялады. Бағдарламаға сәйкес көптеген жергілікті тұрғындар жаңа үйлермен қамтамасыз етіледі. Енді бүкіл мемлекеттегі үйлер аз ақшаға, тіпті кейбірі тегінге беріледі. Бұл бағдарлама бойынша тізімдегі үйлерді шетелдік азаматтар да ала алады. Бағдарлама тізіміне 8 миллион үй енген.

Үкіметтің үйлерді тегін беру себебі – бүкіл Жапония аумағында бос тұрған үйлердің өте көп болуы. Олардың өз атауы да бар – акийя. Олар көп жылдардан бері қараусыз қалып, құлаудың алдында тұр.

©Rocketbar.co

Жапондар  салт-дәстүрді, ырымды қатты ұстанатын халық. Егер үйде бір адам қайтыс болған, әсіресе, қастандықпен өлтірілген болса, ол үйді ешқашан сатып алмайды. Олар үшін бұл жаман белгі болып саналады. Тіпті мемлекетте «жағымсыз» жылжымайтын мүлік топтастырылған арнайы сайт та бар.

Жапондардың өмір салты қызық: олардың көпшілігі жалғыз өмір сүреді, күнін тек кеңседе өткізеді, отбасы құрғаннан кейін тек бір балалы ғана болады. Жапония қарт тұрғындары өте көп ел. Бұл жерде 65 жастан асқандар халықтың 27 пайызын құрайды.

©medium.com

Міне, осындай себептерге байланысты көптеген жылжымайтын мүліктер бос қалып жатыр. Қараусыз қалған үйлер қосымша мәселелер туындатады: құлап қалуы мүмкін, оларды үнемі тонап кетеді, үйді түрлі жануарлар мекен етіп алады. Акийялармен ешкім көрші болғанды қаламайды. Сол үшін үйдің бағасы түсе бастайды. Үкімет те аз салық салады.

©homedesignersuite.co

Жоғарыда атап өткен себептерге байланысты үкімет қараусыз қалған үйлерге «жан бітіру» мақсатында арнайы бағдарламаны жасап шықты. Бір жағынан қаладан шаршаған адамдар аталған үйлерді сатып алып, қала шетіне қоныс аударуына болады. Көптен бері қараусыз қалған үйді алған адамға мемлекет қомақты қаржы да береді.

©ihc2015.info

Акийяны тек жапондар емес, шетел азаматтарының да сатып алуына  болады. Бірақ Жапониядан үй сатып алды екен деп, үкімет шетелдіктерге азаматтық бермейді. Уақытша азаматтықты Жапонияда жұмыс істеу, оқу немесе тұрмысқа шығу және үйлену арқылы ғана  аласыз.

Тегін беріледі деп суреттен көрген үйді бірден сатып алуға да болмайды. Оны бірінші арнайы мамандар барып тексеруі қажет. Кейбір үйлер адам тұра алмайтын жарамсыз хәлде болуы да мүмкін. Сіз мұндай үйді сатып алғаныңызбен ол жерде тұру мүмкіндігі болмайды. Ал үкіметке төлейтін салықтан қашып құтыла да алмайсыз. Акийяларды сатып алғанның өзінде үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін біраз шығынданасыз. Бірақ кейбір үйлерге үкімет арнайы субсидиялар бөледі.

©zagopod.com

Жапондардың әр бір префектурасында акийяларға арналған сайт бар. Сол жерден үй туралы барлық мәліметті, оның бағасын біліп алуға болады.

0
Рейтинг: +0

Фото: emuthecon.blogspot.com
Қосылған күні: 11 ақпан, 10:46
Тегтер: акийя, Жапония, үй, дом, ,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.