Қытайда Еуропаның 12 қаласының көшірмесі пайда болды

Қытайда Еуропаның 12  қаласының көшірмесі пайда болды
Фото: fondik.cz

Қытайдың Huawei компаниясы Дунгуань қаласының жанынан еуропалық қалалардың көшірмесін тұрғызып жатыр. 

Әрине, 9 шаршы шақырым жерге Еуропаның барлық қалаларының көшірмесіне сыйдыра алмайтыны анық. Дегенмен, Huawei компаниясы 12 қаланың танымал ғимараттарын тұрғызған. Тіпті, трамвай желісіне дейін ойластырған. 

Чески-Крумлов, Чехия

Жаңа кампустың ондаған ғиматтарын 25 мыңға жуық жұмысшы көтерген. Бұл ерекше қалашықтың Париж (Франция), Верона (Италия), Гранада (Испания), Брюгге (Бельгия), Чески (Чехия) және тағы басқа қалаларға ұқсастығын байқауға болады. 

Гранада, Испания

Будапешт, Венгрия

Қолдан жасалған көлдің үстінен Венгрия астанасы Будапешттегі Еркіндік көпірінің көшірмесі салынған. Ал түрлі ғимаратта жұмыс істейтін қызметкерлер кампустың ішінде "Будапешт" трамвайымен қатынайды.  Аспан асты елі әлемді таңғалдырудан жалықпайды.


Massaget