Әлем халықтарының таңғы тіршілігі фотограф көзімен

Әлем халықтарының таңғы тіршілігі фотограф көзімен
Фото: travelask.ru

Бельгиялық фотограф Паскаль Маннаертс 10 жылдан бері әлемді аралап адамдардың әр қырын ашу үшін суретке түсіреді. Азия, Африка, Латын Америкасы, Солтүстік Америка және Таяу Шығыс оның объективіне бірнеше рет іліккен.

"Таң – кез келген жаңа орынды сезінуге мүмкіндік беретін идеал уақыт", – дейді ол. Сол үшін де барған жерінде ерте тұрып, айналасындағы адамдар мен қозғалысты, табиғатты және күн шапағы түскен ғимараттарды суретке түсіруді әдеттенген екен. Осы суреттерін ол "Әлемдегі таңғы сағат сегіз" деген атпен жариялады. Солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.

1. Варанаси, Үндістан. 2008 жыл

"Таң атпай үнділер суға шомылады, ғибадат етеді. Үндістанның әр бұрышынан зиярат ететіндер осы қалаға келіп, қала шетіндегі өзенге арнайы ат басын бұрады. Адамдар ағымы, сұлулық пен түстер теңізі барлық жерде. Мен мұны жақсы көремін", – дейді фотограф.

2. Кьяикто, Мьянма. 2014 жыл

Жас жігіт таң атпай қала мейрамханарының бірінде кофе иісінен ләззат алып отыр.

3. U-Bein көпірі, Мьянма. 2014 жыл

Бұл әлемдегі 1849 жылы салынған, ең ұзын ағаш көпір. Таңертең жүздеген адамдар оны күнделікті қызметіне пайдаланады.

4. Шримангал, Бангладеш. 2014 жыл

"Шримангалда Махмутты кездестірдім. Оны күн сайын таңда немересімен ойнап жатқанын көремін. Бұл менің күнді бастау тәсілім. Немеремнен кешке дейін қызу жұмысқа жететін қуатты аламын дейді Махмут", – деп түсіндіреді Паскаль кезекті туындысын.

5. Мандалай, Мьянма. 2014 жыл 

Дәруіштер Мандалай көшелерінде күріш жинап жүр.

6. Токио, Жапония. 2015 жыл

Токиядағы метро ішінде адамдар жұмысқа асығып бара жатыр.

7. Гоби шөлі, Монғолия. 2014 жыл

"Гоби шөліндегі бала әр күнін осылай бастайды", – дейді фотограф.

8. Тирелли, Мали. 2007  жыл

"Догон ханымы таң атпай су алу үшін Тиреллидегі құдыққа барады. Бұл жерде осындай ауыр жұмысты әйелдер істейді", – дейді Паскаль.

9. Джайсалмер, Үндістан. 2008 жыл

Ер адам таңертең шаштараздағы "Шива бақылауында".

10. Янгон, Мьянма. 2014 жыл

Таңертеңгі мінәжат.

11. Джайсалмер, Үндістан. 2008 жыл

Таңғы шай.

12. Варанаси, Үндістан. 2015 жыл

Санскрит мектебінің оқушылары йогамен айналысуда.

13. Самарқанд, Өзбекстан. 2016 жыл

Әйелдер тобы Самарқандтағы әйгілі Регистанға бара жатыр. Бұл ғажап медреселер Орталық Азиядағы ең ғажайып көрікті орындардың бірі.

Т. Раушанұлы