Әлемдегі ең үлкен аквапарк

Әлемдегі ең үлкен аквапарк
Фото: tourweek.ru

Әлемде ең бірінші, ең үлкен, ең кішкентай сынды ұғымдар ерекше құрметке ие. Сол секілді бүгін біз әлемдегі ең үлкен аквапарк туралы әңгімелейміз. "Сигайя Оушен үйі" деп аталатын зәулім ғимарат 1993 жылы өз жұмысын бастаған. 

90-шы жылдардағы жұртты таңғалдырған аквапарк Миядзаки өкілдерінің қолдауымен Кюсю аралында салынған. Мұндағы басшылардың басты ойы – арал маңында туризмді дамыту болған. Табиғатының қолайсыздығынан демалушылар бұл жердің бар екенін де ескермеген. Жыл он екі ай соғатын жел, қатты толқындардың дамылсыз соғуы келген қонақтарға ыңғайсыздық тудырған.

Сол уақытта көлемі 300 метр, ұзындығы 100 метр, ал биіктігі 38 метр болатын аквапарк соншалық үлкендігімен жұртты таңғалдырған. Ғимараттың ішінде құмнан жасалған үлкен жағажай, керемет жанартау мен реттелетін толқынды бассейн орналасқан. Аквапарк температурасы +30 °C ал, судың жылулығы + 28 °C-тан төмен түспеген. 

Әлемдегі ең үлкен аквапарк ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген ғимарат ең алғаш 2001 жылы банкротқа ұшыраған. Миядзаки өкілдері жылына аталған орынға 2,5 миллион турист келіп дем алады деп жоспарлаған екен. Алайда мұнда бар болғаны 1-1,25 миллион демалушы ғана тіркелген. Содан кейін өзге біреуге сатылған аквапарк 2002 жылы қайтадан ашылған. Алайда тағы да туристер саны жоспардағыдай келмеуінен 2007 жылы жұмысын тоқтатқан. 

B. ZHAQSYMBET