Әлемнің ғажайып субұрқақтары

Әлемнің ғажайып субұрқақтары

Бүгінде әлемнің кез келген қаласынан көше сәніне сән қосып, шырай беріп тұратын субұрқақтарды оп-оңай кездестіруге болады. Бірақ ол субұрқақтардың бәрінің ән айтып, би билей бермейтіні тағы бар.

Сонымен әлемнің ең әдемі әрі ең ерекше субұрқақтарымен таныс болыңыздар!

1. Дубайдағы "Әрі әнші, әрі биші субұрқақ"

Әлемдегі ең үлкен әрі ең әдемі субұрқақ Дубайда орналасқан. Субұрқақ бір мезгілде би билеп, ән айтады. Осы ғажайып туынды іске қосылған сәттен бастап, ол миллиондаған туристер мен қала тұрғындарының көзайымына айналды.

Субұрқақ адам сенгісіз әдеміліктегі пішіндер мен мүсіндерді жасай отырып, суды 150 метр биіктікке көтереді. 6600 түсті индикатордың және түрлі-түсті 50 прожектордың көмегімен мыңдаған нұсқалы көріністерді көрермен назарына ұсынады. Субұрқақ өз билерін классикалық әуендермен қоса, заманауи әуендерге сай орындай береді. Осы бір әлемдегі ең үлкен ғана емес, ең қымбат субұрқақтың құрылысына 210 миллион доллар жұмсалған.

2. Барселонадағы "Сиқырлы субұрқақ"

Барселонадағы атақты «Cиқырлы  субұрқақ» -  каталондық инженер Карлос Буигастың тамаша туындысы. Бір қарағанда, «Cиқырлы фонтан» шынымен билеп тұрғандай әсер қалдырады. Онымен қоса, көрсетілімде ешбір «қимыл», ешбір түс, ешбір пішін қайталанбайды. Осыдан біршама уақыт бұрын, субұрқақ қолма-қол басқарылатын: белгілі бір органды басқарып отырғандай бір адам әуенді, жарықты басқарып отыратын болған. Қазіргі таңда барлық міндет толықтай автоматтандырылған.

3.  Лас-Вегастағы "Ғажайып әнші"

Тағы бір ерекше әрі үлкен «ән салатын» субұрқақты Лас-Вегасқа жолыңыз түсе қалған жағдайда тамашалуға болады. Ол бесжұлдызды «Bellagio» қонақ үйін жағалай ағатын 400 метрлік жасанды өзенде орналасқан. Субұрқақ 80 метр биіктікке көтерілетін 1175 су сорғалағыштан, 4500 шамнан және Павароттидің, Андреа Бочеллидің, Фрэнк Синатрдың әндері естілетін көптеген динамиктерден тұрады. Лас-Вегастағы «Ғажайып әншінің» құрылысына 40 миллионнан астам қаржы жұмсалған.

Жапондықтар ойлап тапқан мына бір принтер-субұрқақ та талай адамның таңдайын қақтырды.

Суреттер: logoslovo.ru, 24warez.ru, etoday.ru