12 маусым - халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес күні

12 маусым - халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес күні

Бүгін, яғни 12 маусым - халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес күні (World Day Against Child Labour). Бұл атаулы күнді күнтізбеге енгізу халықаралық еңбек ұйымының шешімімен қолға алынған. 12 маусым халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес күні жыл сайын маусымының он екісі күні тойланып отырады. 1997 жылы Амстердам мен Ослода балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күресу мақсатында өткен халықаралық балалар еңбегіне қатысты сұрақтар талқыланған конференция бұл бастаманы көтеруге түрткі болды. Осы салмақты шара арқылы талай істер қолға алынып, нәтижелі жұмыстар жасалды.

Халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес күнін атап өту барысында әлеуметтік бас қатыратын мәселелер де оң шешімін тауып жатыр. Әлем елдерінің көп бөлігі балалар еңбегін пайдаланып отыр. Кәмелеттік жасқа жетпей жатып, ауыр жұмыстардың жетегінде желкесі қиылғанша еңбек етіп жүрген жас балаларды қорғайтын күннің болғаны дұрыс.

Соңғы мәліметерге сенер болсақ, бүкіл әлем бойынша 215 миллион бала еңбек етеді екен. Солардың ішіндегі 115 миллионы денсаулығына қауіп төнетін ауыр жұмыстардың «құлы». Халықаралық еңбек ұйымының мүшелері 2016 жылға дейін қалайда аса қауіпті жұмыстарға таңылған балалардың санын азайтып, кәмелеттікке толмаған жастарды ауыр еңбектен бас тартуға шақырмақ.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: stopdettrud.kz

А. Әбілхан