Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Омырау денсаулығын сақтау

Омырау денсаулығын сақтау

Омырау денсаулығын сақтау

Әйел омырауы – нәзік жандардың сұлулығы мен тартымдылығының ең басты құпиясы. Өкінішке орай, әйелдердің басым бөлігі өз омырауының денсаулығы туралы көп ойлана бермейді. Соның салдарынан, соңғы кезде маммолог дәрігерлер «емшектің созылмалы ауруы (мастопатия)» диагнозын жиі қоюда.

Талшықты-ісікті ауру немесе мастопатия сүт бездері бұлшықетінің зарарсыз өзгеруі болып табылады. Ұзақ уақыт бойы бұл ауруға тек 35 пен 40 жас аралығындағы ересек әйелдер шалдығады деп есептелініп келген. Дегенмен, індет қарқынды түрде «жасарып», бүгінгі таңда, өкінішке орай, әрбір әйелге қауіпті болып тұр. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы жүзжылдықта әйел адамның акушерлік кейпі қатты өзгерген. Етеккірдің ерте басталуы (12 жас) мен климакстың кеш келуінен (50 жас шамасында) гормондардың әйел ағзасына әсер ету кезеңі ұзарған. Ал адам ағзасында бәрі бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, бір өзгеріс салдарынан басқа да ауытқулар болатыны анық. Сондықтан, түрлі гинекологиялық аурулар да мастопатияның дамуына әсерін тигізеді. Қауіпті ықпалдар қатарына есеңгіреу мен жүйкенің қозуы, гормонды жағдайдың бұзылуы, алкоголь мен темекі, бей-берекет тамақтану, жасанды түсік, алғашқы баланы 30 жастан кейін көтеру, тұрақты жыныстық қатынастың болмауы, бір баламен шектелу, баланы емшектен ерте айыру (5 айдан аз емізу) немесе мүлдем емізбеу, тб жатады. Әр жеке жағдайда себептер әр түрлі болуы мүмкін.


         «Мастопатия» сөзі 2 түбірден құралған, грекше «mastos» - омырау, ал «pathos» ауру, азап дегенді білдіреді. Мастопатия ауруының екі түрі бар: түйінделген және араласқан (диффузды). Бұл бір шоқ жүзімге ұқсас көптеген майлы және безді бұлшықеттен құралған сүт безінің құрылысына байланысты. Диффузды форма сүт бездері элементтерінің өсуі мен өзгеруінен болады. Бұл түріне көбіне 35 жасқа дейінгі жас келіншектер шалдығады. Ал мастопатияның түйінделген формасы 35-50 жас аралығындағы әйелдерде көптеп кездеседі. Түйінделген түрі деп сүт бездерінің шектеулі тығыздалуын атайды.

         Кейде 2 түрдің қатар келуі де кездеседі. Мұндай жағдайда жеңілдеу диффузды форманың белгілері талшықты-ісікті індеттің ауыр, түйінделген түрімен қосарланады. Мұндай диагноз сырқаттардың 50 пайызынан көбіне қойылады екен.

         Мастопатия басталғанда, белгілері бірден байқалмайды. Бұл аурудың қауіптілігі де – осы. Басында әйелді ештеңе мазаламайды, сондықтан ол дәрігерге қаралмайды да. Көп жағдайда сырқаттанғандар маман көмегіне ауруы асқынып, күрделі және ұзақ ем қажет болған кезде ғана жүгінеді. Сондықтан жас қыздар да сүт бездеріндегі білінер-білінбес бөгде белгілерге мұқият болуы қажет. Әдетте омыраудың ауырлауы, етеккір алдында сыздап ауруы мастопатия белгілерінен болып саналады. Кейде қолтық астындағы лимфалық түйіндер де ұлғаюы мүмкін. Сонымен қатар, мастопатияға шалдыққанда, омырау ісіп, формасы өзгереді. Кей жағдайларда, емшекті сәл қысса, сары су бөлінуі ықтимал. Асқынған түрінде емшекті баспай-ақ, сұйықтық бөлініп тұруы  мүмкін.

         90 пайыз жағдайда әйел мастопатияны өзі анықтай алады. Дұрысы, ай сайын етеккір циклінің 6-12 күні өз-өзіңізді тексеріп тұру керек. Дәл осы күндері сүт бездері жұмсарып, өзгерістерді анықтауға ыңғайлы болады.  


1.  Сонымен, қолыңызды төмен түсіріп, айнаның алдында омырауыңыздың формасын бір қарап алыңыз да емшектеріңіздің сыртқы түріне назар аударыңыз.

  1.  Енді қолыңызды басыңыздың артына көтеріп, омырауыңызды қарап  шығыңыз. Омыраудың бірінің формасының өзгеруі мен тері түсіне мұқият зер салыңыз.
  2.  Оң қолыңызды көтеріңіз. Сол қолыңызбен оң жақ омырауыңызды баяу айналдыра басып шығыңыз. Жуандаған немесе томпақ жерлердің бар-жоғына назар аударыңыз. Енді сол қолыңызды көтеріп, оң қолыңызбен сол жақ омырауыңызды дәл солай тексеріңіз.  

4.  Сұқ және бас бармағыңызбен емшегіңізді қысып, сары су жоқтығына көз жеткізіңіз.

  1. Енді омырауыңызды жатып тексеріңіз. Шетінен бастап, емшегіңіздің ұшына қарай айналдыра сипап және жайлап басып қараңыз.

6.  Айналма қозғалыстармен оң және сол қолтығыңыздың астын басып көріңіз. 

Тексеріс барысында мастопатия белгілерінің біріне ұқсас өзгешіліктер байқасаңыз, ойланбастан, маммолог маманға барыңыз.

         Мастопатия сүт бездерінің зарарсыз өзгеруі болып табылады. Дегенмен, бұл індет салдарынан рак ауруының қаупі 3-5 есеге артады. Ал 20-44 жас аралығындағы әйелдер үшін сүт бездері рагы - мүгедектік пен өлімге әкелетін дерттің бірі. Мастопатияны емдеуді қаншалықты ерте бастасаңыз, қатерлі ісіктің дамуына соншалықты аз мүмкіндік қалады. Күдіктенген жағдайда, маммография мен УДЗ (УЗИ) жасаған жөн. Жас қыздарға көбіне УДЗ  жасалады, мұның жүкті әйелдерге де қаупі жоқ. Ал мамографиядан 35-40 жас шамасындағы әйелдердің жыл сайын өтіп тұрғаны дұрыс.

         Мастопатияны тек дәрігер ғана толық тексеріп, нақты диагноз қойғаннан кейін емдей алады. Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз. Бүгінгі таңда ем-домның бірнеше тәсілі бар. Мысалы, кейбір ісікті түйінді мүлдем алып тастау керек. Өз-өзін емдеу тек мастопатия белгілерін басып, гормонды жағдайды қалпына келтіреді. Гормондардың түзелуіне өмір салты, зиянды әдет, тағамдану әсер етеді. Алкоголь мен темекіден бас тартып, ас мәзіріңізге көкөніс, шөп, жемістерді қосып, майлы тағамды азайтыңыз. Мастопатияны емдеуде гормонды дәрілердің маңызы зор. Олар дәрігермен әр сырқатқа жеке таңдалады. Алайда, гормондарды қабылдауды тоқтатқасын, мастопатияның қайта оралу қаупі бар. Оған қоса, венаның түйнеліп кеңеюі, бауыр ауруы, қант диабеті сияқты дертке шалдыққандар гормонды дәрі қабылдай алмайды. Сондықтан, соңғы кездері дәрігерлер мастопатияны емдеуде гормонды емес өсімдіктекті препараттарды таңдайды.«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, өзіңізді күтіп, тексеріп жүргеніңіз жөн.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

20859 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 02 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер
+0
02 қаңтар 2012, 13:37

Қазіргі уақытта Мастопатия ауруының алдын-алуға көптеген іс-шаралар жасалып жатыр.

+0
24 қаңтар 2012, 10:39

қазіргі киіп жүрген киімдеріне қарап көп қыздардың ана болғандағы болашағына ішім ауырады.Төс ашық,кіндік ашық, көт жартылай ашық. Қарау жиіркенішті.Бәрі көрініп тұрғандықтан ол қызға деген сезім тек жабайы сезімді ғана ояту мүмкін.

+0
02 қараша 2015, 14:05

Денсаулықты күте білу керек. "Дені саудың-жаны сау" дегенді ұмытпайық!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...