Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Шашты қыстан кейін қалпына келтірудің 5 жолы

Шашты қыстан кейін қалпына келтірудің 5 жолы

Шашты қыстан кейін қалпына келтірудің 5 жолы

Қаһарлы қыстан кейін шашыңыз әлсіреп, табиғи жылтырын жоғалтты ма? Әрине қыс бойы бас киімнің астында басылып, тіпті, бас киімсіз аязда қалған шашыңыз әбден шаршаған болар. Қыс мезгілінде ағзамыз да, соның ішінде шашымыз да дәрумендерге тапшы болады. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағында бас киіміңізді шешкендегі айнадағы түріңіз адам шошырлықтай ма? Уайымдамаңыз! Мына кеңестерге көз жүгіртіп, қыстан кейін шашты қалай қалпына келтіруге болатындығымен таныс болыңыз.

 1 

Көктем - авитаминоз кезеңі, бұл кезде оған шалдықпайтын жандар аз.  Дәрумендер жиынын ішіңіз. Шаш пен тырнақтың жақсы өсуіне көмек беретін арнайы дәрумендер топтамалары бар. Олардың құрамына А, В1, В12 және Е дәрумендері кіреді. Олар шаштың берік болып жақсы өсуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ рационыңызға өрік, мейіз, қара өрік, цитрус жемістерін, алма, сарымсақ пен жаңғақтарды  қосыңыз. 

 2 

 

Шаштаразға бармағаныңызға көп болды ма? Қыстан кейін бір барып, шашыңызды алдырыңыз. Құрғақ,  жансыз шаштарыңызды алып тастауын сұраңыз. Осыдан кейін шаш көлемі ұлғайып, шашыңыз күтімді әрі сәнді болып көрінеді. 

 

Бас массажын жасауды әдетке айналдырыңыз. Бас массажының нәтижесінде бастағы қан айналымы жақсарып, шаштың өсуі дұрысталады. Массажды қолмен де, щетка-тарақпен де жасаса да болады. Ағаш тарағын таңдағаныңыз жөн. Шаштарыңызды әр түрлі бағытта тарап, басыңызды байыппен уқалаңыз

 

Шашқа арналған сусабыныңызды ауыстырыңыз. Анда-санда сусабынды ауыстырып тұру шаштың жақсы өсуіне көмек береді екен. pH деңгейі бейтарап, жеңіл  консистенциялы, шашты жұмсартатын сусабын таңдағаныңыз жөн. Оның құрамына қоректендіргіш заттар, дәрумендер, керамид пен лецитин кіретініне көз жеткізіңіз. Көп ұзамай шашыңыз жаңарып, сауығып қалады.

 

 

Арнайы маскаларды қолданыңыз.  Қыстан кейін шашыңыздың зақымданғаны сөзсіз. Дүкендерден өзіңіздің шашыңыздың түріне жағатын маскалар мен бальзамдарды таңдап алыңыз. 

Сурет: izkis.su


5360 11
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 13 наурыз 2012, 15:00
Пікірлер
+0
13 наурыз 2012, 15:57

Дәрумендердің шашқа арналғаны бола ма екен? Болса, маған ішу керек, шашым түскіш-ақ... Ал сусабынды ауыстыру туралы кеңес ұнап тұр ) Сусабын алуға барғанда ұмытып кетпейін.

+0
13 наурыз 2012, 16:14

Шаш қидыру керек еді....

+0
13 наурыз 2012, 16:15

ЖІгіттердің шашы қыздардан айырмашылығы бар ма? Ұзындығынан басқасын сұрап тұрмын.

+0
13 наурыз 2012, 16:18

ішкен тамағына байланысты, қатты не жұмсақ болады

+0
13 наурыз 2012, 19:46

Қазақ қызының қолаң шашы деген...ойбу, қалпақ ішінде не істеп жатыр екен.

+0
13 наурыз 2012, 22:05

шаштын тусу1 калыпты жагдай....ден1 сау адамнын кун1не 100 тал шашы тусед1 екен шамамен...сондыктан, кыздар, шошыманыздар)))

+0
14 наурыз 2012, 10:44

шаштың сәндікте атқаратын рөлі бар

+0
19 наурыз 2012, 23:46

mmm, rahmet Ai-Kerim, meniin wawym ote koooop tusetin edi, sizdin akparatynyz konilime tynywtyk uyalatty

+0
25 наурыз 2012, 01:35

шашым тусе беретін өзінен өзі қойып кетті Сиос шампуні ау дейм пайдасын тигізген

+0
25 наурыз 2012, 03:14

Сарымсақ ең жек көретінім :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...