Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Тісің барда тас шайна

Тісің барда тас шайна

Тісің барда тас шайна

Тіс ауруының тудыратын зардабы жайлы айтпас бұрын, мынадай бір қызықты оқиғаны әңгімелеп бергенді жөн көрдім .

18 ғасырдағы қазақ даласы. Жас кезінде жаужүрек қолбасы, жекпе-жектің шебері болған бір батыр қартайған шағында қыр басына шығып, алысқа көз салып тұрса сонадайдан үш аттылы көрініпті. Ортасындағы атқа дұрыстап отыра алмай, қисалаңдап, жанындағы екеуі оны зорға сүйемелдеп келеді екен. Әбден таяп келгенде ақсақал:

- Әй, жігіттер, не болды мынаған, - деп сұрамай ма. Сонда әлгі сарбаздар:

- Барымтадан келеміз, ата. Қарасанды түйреп өткен найзаның уы бойын алып барады. Жанын ауыртып, қан-қақсатып келе жатқаны содан, - десе, ақсақал «мырс» етіп:

- Ой, тұқымың өскір, қызталақ! Мен мұны тіс ауырып келе жатыр екен десем, – деген екен.

«Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді десеңші» деп халқымыз бекер айтпаған. «Тісің барда тас шайна» деп тістің бүтіндігін бойға біткен қайрат деп те қарайды дана халқымыз. Дегенмен, ет тағамдарын тұтынатын халықтарда тіс аурулары екінің бірінде кездеседі. Әуелі, орда бұзар отызда, қылыштай қиып түсер қырықта, тістен айрылып жүргендер аз емес. Тіс ауруының азабын арқалап жүргендерді айтудың өзі артық. Демек, тіс науқасы кішкене ғана науқас болып көрінгенмен, оны дер кезінде емдемегенде, тек, тіс науқасы ғана емес, оның басқа жақтағы тудыратын зардабы салмақты. Ол жүрек, ми, бүйрек қатарлы көптеген маңызды жүйелердің қызметіне ықпал көрсетеді. Өйткені, ауыз қуысы ауру ошағындағы микроб токсины және қабынудан туындаған заттар тіс түбі арқылы қан айналысына өтіп, төңірегіндегі және алыстағы органдарға жайылады да, кері әсер жасп, көптеген науқастардың туындауына себепші болады.

1. Тіс ауруының азабы бірден жүрекке шабуылдайды. Зерттеулерге негізделсек тіс түбі науқасындағы бактериялар жүрек, ми, қан тамыр науқастарын тудырады. Тіс түбіндегі залалды бактериялар қантамырды бітейді. Бұл шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижесінің сенімді дәлелі. Зерттеушілер тіс түбі науқастары ошағынан 300 ден астам залалды микроб байқаған. Міне, осы залалды заттар ауыз қуысындағы болымсыз жарақат арқылы қанға өтіп, қан тамыр бүйірін қабындырып, зақымдайды. Осы арқылы қан тамыр бүйірі үздіксіз қалыңдап, қан тамырды тарайтады.

2. Ал зерттеулер мынаны дәлелдейді, жүрек еті өлеттенгендер мен жүрек тәж артериясы қоймалжыңданып қатайғандардың ауыз қуысы тазалығы қалыпты адамдардан көрнекті төмен болғандығын байқаған. 50 жастан төменгі ерлердің тіс түбі қабынғандармен тісі түсіп қалғандардың жүрек тәжі артерия науқасына шалдығатындар өзгелерден 70% жоғары болады.

3. Өкпе ауруларына себепкер. Ауыз қуысы тазалығы төмен адамдардың өкпе тынысы мен өкпе қызметі әлсірейтіндер ауыз қуысы тазалығы жақсылардан көп жоғары болады. Қарттардың өкпе қабынуы түрлі тіс ауруларымен қатысты. Өйткені, ауыз қуысындағы көп мөлшердегі залалды бактериялар өкпеге сіміріліп, өкпені қабындырады. Ендеше ауыз қуысы тазалығын жақсы ұстау – қарттардың өкпе қабынуының алдын алуда маңызды есептеледі.

4. Қантты несеп ауруын тудырады. Тіс түбі салмақты түрде қабынуы – қандағы қант құрамын көрнекті түрде жоғарлатады. Егер қантты несеб науқасы барлардың түс түбі қабынуын өнімді тежеп, емдейтін болса қандағы қант құрамының жоғарлауын көрнекті түрде тежеуге болады.

5. Әйелдердің түсік тастауына да осы ауыз қуысы, тіс аурулары себепкер. Жүкті әйелдер ауыз қуысы тазалығын жақсы қалыптастырғаны жөн. Егер ауыз қуысында қабыну болса, ол қан арқылы бала жолдасына өтіп, баланы жансыздандырып, түсік тастауға себепші етеді. Кейбір мәліметтерде, түсік тастағандардың 18 пайызы анасының ауыз қуысы тазалығымен қатысты болғандығын растаған. Және бір зерттеуде, тіс түбі  салмақты қабынған жүкті әйелдердің түсік тастау мен салмағы өте жеңіл бала табатындары тіс ауруы жоқтардан 7.5 есе артық болғанын анықтаған. Бұл әуелі, темекіні мен ішімдікке салынған маскүнем әйелдердің түсік тастау мөлшерінен де асып түскен.

Қай қашан да ауыз қуысы тазалығына көңіл бөлген денсаулығымыз үшін өте жоғары маңызға ие екендігін ұмытпағанымыз абзал.

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: baidu.com

6376 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 23 наурыз 2013, 14:44
Пікірлер
+0
23 наурыз 2013, 16:05

науқас деп тек ауру адамды айтама десем :roll:

+0
23 наурыз 2013, 18:29

еее дүниеде тістің ауырғанынан құдай сақтасын. Жанынды шығарып жебереді ғо кәдімгідей. Тісін ауырып стамотологияға барсан бағасы охохо әкесінің құнын сұрайды. Оданда ауырмайақ қойсын. әңгіменді оқи отырып ойыма кезінде ата бабаларымыз тістерін немен шайған деген сұрақ туды? :)

+0
24 наурыз 2013, 00:52

серьезно қарайтын жәйт екен...

+0
24 наурыз 2013, 03:02

шынында, тістің ауырмағаны жақсы екен

+0
25 наурыз 2013, 11:27

Ойбай, қорқынышты ғой мынауың. Қой, тісімді күтейін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...