Қозғалыста бол!

Қозғалыста бол!

Көктемде спортзал, жүзу, фитнеске қоса, күнделікті белсенді болу керек. Ауа-райының өзі қосымша серуен мен қозғалысты талап етіп тұрғандай. 

Жылы күндерді қалт жібермей, белсенді болып, қозғалысты денсаулығыңыз бен көңіліңіздің пайдасына жаратыңыз.

  • Автобуспен жол жүретін болсаңыз, үйге бір аялдама бұрын шығып, серуендеп қайтыңыз. Таксимен не көлікпен жүрсеңіз, үйден алысырақ тоқтап, үйге қарай шамалы жүріп қайтыңыз.
  • Лифт атаулысын ұмытып, баспалдақпен ғана жүріңіз.
  • Дүкендерге жаяу барып қайтыңыз.
  • Үйдегі кішкентайлармен доп, қуаласпақ ойнаңыз.
  • Үйдің ауласына шығып, тартылып, жүгіріп, әткеншекке отырып, балалық шақты еске алыңыз.
  • Теледидар қараған уақытта жатпай, отыру не секіру жаттығуларын жасаңыз.
  • Телефонмен сөйлесу барысында жүріңіз.
  • Айнаның маңынан өткенде бір сәтке қасында тұрып, басты айландыру не иықты көтеріп-түсіру жаттығуларын жасаңыз.
  • Сүйікті әуеніңізді қосыңыз да, билеңіз! Жеңіл көйлек не белдемше киіп билесеңіз тіпті жақсы, осылайша өзіңізді жеңіл, нәзік сезінесіз.
  • Қалаңызда қыс бойы болмаған саябақтарға кіріп, фотосессия жасаңыз. 

Бастысы, көктемгі апатияға жол бермей, әр уақытта көңілді болыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: collegefashion.net 

С. А