Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / 4-5 сағатта ұйқы қандырудың жолдары

4-5 сағатта ұйқы қандырудың жолдары

4-5 сағатта ұйқы қандырудың жолдары

Дұрыс ұйқы - денсаулықтың басты кепілі. Әдетте толыққанды ұйқыға 8 сағат қажет дейді. Бірақ көп жағдайда 8 сағаттық ұйқыға уақытымыз жетпейді. 4-5-ақ сағатта ұйқы қандыру үшін не істеу керек?

Әрине күнделікті 4-ақ сағат ұйықтау денсаулыққа зиян. Бірақ қажет бола қалғанда аз уақытта ұйқыны қандырып, күш жинау үшін белгілі бір ережелерді ұстану керек екен.

  • Ұйқыға батпас бұрын барлық уайым-қайғылардан арылу керек. Ойларыңызды тазалап, қиындықтар жайлы ұмытыңыз. Оларды ертеңге қалдырыңыз. Әркім өзінше демалады: әуен тыңдаңыз, жаныңызға жақындар жайлы ойланыңыз.
  • Ұйқыға бірнеше сағат қалғанға дейін тамақтанбау. Ағзаның күшін тамақты қортуға кетірмеңіз, сондай-ақ бұл артық салмақ жинамаудың бірден-бір жолы.
  • Ұйқыға арналған арнайы аксессуарларды қолдану. Хош иісті шөптерден тігілген жастық, көз жабатын байлауыштар ұйқыңыздың сапалы болуына көмектеседі.
  • Ұйықтар алдында жылы душ қабылдау. Бұл жай жуынудың ғана амалы емес, суға түсу арқылы күні бойы жиналған эмоцияларды жуып, ұйқыға артық ойларсыз жатасыз.
  • Жылы көрпемен жамылу. Адам жылыда суыққа қарағанда жақсырақ ұйқысы қанады.
  • Аз ұйықтап үйрену. Дені сау адам өзін 5 сағаттық ұйқыға үйрете алады екен. Ол үшін белгілі бір уақыт бойы аз ұйықтап, ерте тұруға дағдылану керек.
  • "Ұйқы күні". Аптасына бір күнде жақсылап ұйқыны қандырып алыңыз. Әрине ол 12 сағаттық ұйқы емес, 8-10 сағат болсын. Осы күні ұйқыңызды әбден қандырып, демалыңыз.
  • Түнгі сағат 12-ге дейін ұйқыға жатып үлгеріңіз. Осы уақытта адам ағзасы ұйқыға дайын болады. Тез ұйықтап, ұйқыңызды қандырып, ерте ояна аласыз. Ғалымдардың айтуынша, 12-ге дейінгі 1 сағат ұйқы 12-ден кейінгі 2 сағатқа тең.

Ұйқыға дұрыс ниеттеніп, ұйықтайтын жеріңізді жайғастыру арқылы тез уақытта ұйқыны қандырып үйрене аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: ptglobal.net

7581 13
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 11 наурыз 2013, 18:19
Пікірлер
+1
11 наурыз 2013, 18:42

ұйқым ешқашан қанатын емес. 4-5 сағат деген шли емес пе?

+0
11 наурыз 2013, 18:46

шли? :) :) рас айтасыз, ұйқы деген ешқашан қанбайды, рубежка, тағы басқалай қарбаластарда 2-3 сағат ұйқыны қанағат тұтатыныммен, қалған уақыттары 7-8 сағат ұйықтауға тырысамын)

+0
11 наурыз 2013, 19:36

көз жабатын байлауыштар біртүрлі қорқынышты болып көрінет өзіме))

+0
12 наурыз 2013, 10:48

есесіне жақсы ұйықтайсыз)өзім тексергенмін)

+0
11 наурыз 2013, 21:06

Көп ұйықтауға тырысам ұйқыға шыдай алмайм жалпы қалыптастыратын екен

+0
11 наурыз 2013, 23:00

Ұйықтағанда жылы көрпемен жамылсам,түнімен ыстықтап шығамын....... :) :)

+0
12 наурыз 2013, 02:35

Ұйқы - менің әлсіз жерім :) 4-5 сағат... :(

+0
12 наурыз 2013, 04:07

Ал мен уаще бүгін ұйықтамайын девотырмын. Ертең рубежка соған дайындалып, сомен қатар Массагетті ашып қоеееп, бірақ ұйқым келіп отыр :x Қазіргі кезде ұйқысы сергек адам көрмеппін. Қашан көрсең ұйқым қанбады деп жылайд та жүред, мен де сондаймын :D

+0
12 наурыз 2013, 10:48

))хехе сәттілік рубежкада

+0
12 наурыз 2013, 11:04

Шынымен, он екіден қалып қойса ары қарай қанша шаршап тұрса да ұйықтай алмай біразға дейін жатады адам)

+0
12 наурыз 2013, 15:46

біркемсоңғыбапты жап-жақсы-ақ орындап жүрмін)

+0
07 мамыр 2013, 21:19

Ұйқыны қалай қандыру керегін осы сайтта айтады 11days.kz/kazdream

+0
12 ақпан, 02:40

Меня ерте туруга дағдылана алмай журмин не истесем болады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...